Астан ұшынуы себебі анықталды

Қостанайдағы қазақ-түрік лицейінің асханасында оқушылардың жаппай ұшынуына дұрыс жуылмаған ыдыс себеп. Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары осындай қорытынды жасады. Естеріңізге сала кетсек, аталған білім ошағының 9 бірдей шәкірті бір ай бұрын ұшынып, ауруханаға түскен еді. 186464_originalТүскіастан кейін тоғызының денсаулығы күрт сыр берген. «Тексере келе, ішек таяқшалары тобына жататын вирустар анықталды. Ол асхананың ыдыс-аяқтары мен ет турайтын тақтайшаларынан табылды», – дейді облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы Юрий Севастьянов. Соның кесірінен, адам денсаулығына қауіпті бактериялар пайда болған. Қазір асхана жабық. Жалпы, мұндағы оқушылардың астан ұшынуы алғашқы жәйт емес. Өткен жылдың соңында да 20 бала стафилококк вирусын жұқтырған еді.
 
Шұға Аңсаған

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓