31 мың адам жұмыспен қамтылады

Қостанай облысында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясындағы жобаларды жүзеге асыруға 53,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі А.Мұхамбетовтің қатысуымен өткен жиында облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенова баяндады.ad762fda-3025-4943-8630-0d83a2699042
Жиында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері сөз болды. Г.Әбенова мәлімдегендей, Жол картасы халықты жұмыспен қамтуды қамдау, жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру, азаматтарды табыспен , сондай-ақ елді мекендердегі инфрақұрылымдарды дамыту есебінен тұрғындардың жайлы тұрмысын қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған. b457553a-078e-4a0e-806a-a6c556eb1ea4
"Әлеуметтік-мәдени сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көліктің инфрақұрылым нысандарын жөндеу, қалпына келтіруге бағытталған жобаларды іске асыру, елді мекендерді абаттандыру қарастырылып отыр, – деді Г.Әбенова. – Биыл бұл мақсатқа 53,7 млдр теңге бөлінген. Оның 15 млрд теңгесі – мақсатты ағымдық трансферттер есебінен, 38,8 млрд теңгесі – жергілікті атқарушы органдардың облигациялар шығарылымы есебінен".
Спикердің сөзінше, жұмыспен қамту орталықтары инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жіберген тұлғалар жалақысының орташа мөлшері кемінде 2 реттік ең төменгі жалақы немесе 85 000 теңге деңгейінде белгіленеді.
"Қазіргі уақытта облыста 275 инфрақұрылымдық жобаның тізбесі құрылды. Жобаларды іріктеу кезінде ірі кәсіпорындар қызметкерлерінің босау қаупі бар моноқалаларға және облыс орталығына басымдық берілді", – деді ол.
Жобалар іске асса, 13 435 жұмыс орны құрылуы мүмкін. Оған Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамаларымен 6718 жұмыссыз азамат қос қолға бір күрек табады.ff81fce3-385d-4a62-b2ac-49ed1c9a7b5c
"Халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша жұмыс орындарын құру және бос азаматтарды жұмысқа орналастыру фактісінің мониторингін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі "Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы" ААЖ арқылы қамтамасыз етеді", – деп атап өтті Гүлнар Әбенова.
Ол сондай-ақ Қостанай облысында жұмыспен қамту шараларымен жұмыссыздар тізімі 30 мыңнан астам адамға дейін қысқартылатынын хабарлады.
"Бұған дейін 2020 жылы облыс халқын жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспары 22,5 мың адамды құраған еді. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын ұйымдастыруға және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беруге республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінетінін ескере отырып, жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспары 31 мың адамға дейін артады", – деді Гүлнар Әбенова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓