Карантин босаңсиды
Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 5.11.2020 жылғы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жаңа қаулыда карантин шаралары босаңситыны белгілі болып отыр. Толық мәтінді нащарларыңызға ұсынамыз.
Қостанай облысының тұрғындары арасында COVID – 19 коронавируст инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 07 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына сәйкес (бұдан әрі-COVID-19), «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және »Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы «2020 жылғы 23 қазандағы № 58 қаулыларымен және COVID-19 жағдайларының көп санының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Шектеу карантиндік шараларын қатаңдату туралы» 2020 жылғы 5 қарашадағы № 54 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2-тармақтың 12-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып және жұмыс кестесін сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша) белгілей отырып, аквапарктер мен термопарктердің жұмысына рұқсат беру (бір келушіге бір мезгілде келушілердің жобалық сыйымдылығынан 30% – дан аспайтын қатысуымен 5 ш. м. есебінен), жексенбі күндері тоқтата тұру»;
2) 2-тармақтың 16-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) қоғамдық көліктің қауырт уақытта желіге барынша шығып, отыратын орындардың саны бойынша толтырылып, соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен міндетті түрде өңдеу, барлық есіктерді ашу, жұмыс күндері сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін қорғаныш маскаларынсыз қоғамдық көлікке жолаушыларды жіберу, жексенбі күндері тоқтата тұрып, қалған күндері қалалық қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат беру, «ССКБК» АҚ жұмыскерлерін тасымалдайтын Рудный қ. № 1, 2, 6, 7, 8, 10, 11, 29, 200 маршруттар бойынша автобустарды қоспағанда, демалыс күндері жүру уақыты сағат 5:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 01-00-ге дейінгі аралықта белгіленсін.
3) 2-тармақтың 18-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда, демалыс және мереке күндері жұмысты тоқтата отырып, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 1 келушіге 30% – дан аспайтын, кемінде 4 ш.м. көлеммен, азық-түліктік емес тауарларды сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін өткізу бөлігінде сауда-ойын-сауық орталықтарының қызметіне рұқсат беру. Кинозал, ойын-сауық орталықтардың жұмысына рұқсат берілмейді.
Бұл ретте алаңы 2000 шаршы метрден астам азық-түліктік емес сауда объектілерінің, оның ішінде азық-түлік дүкендері мен дәріханалардағы сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы жексенбі күндері тоқтатыла тұрсын»;
4) 2-тармақтың 20-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шаралар сақтаулып және жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 9:00-ден бастап 22:00-ге дейін белгіленіп, қоғамдық моншлардың, сауналардың жұмысына (қатаң түрде алдын ала жазылу арқылы) рұқсат беру (бір келушіге 4 ш.м есебінен, жобалық сыйымдылықтан келушілердің бір уақытта 30% – дан асырмау);
5) 2-тармақтың 23-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«23) жұмыс күндері сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, бір келушіге 30% – дан аспайтын және кемінде 5 ш. м. толтырылуын қамтамасыз ету кезінде жабық спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары, фитнес-орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары және басқалар) жұмысына рұқсат беру тоқтатыла тұрсын;
6) 2-тармақтың 28-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«28) үй-жайларда қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беру, бір мезгілде 30-дан аспайтын келуші болған жағдайда, 1 үстел басында 4 адамнан аспайтын, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр, жұмыс күндері жұмыс режимін белгілей отырып, сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, тек қана демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге;
7) 2 тармақтың 28-1 тармақшасы алынып тасталсын;
8) 2-тармақтың 37-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«37) бассейндердің қызметіне алдын ала жазылу бойынша, жеке форматта, 1 адамға су айнасының 5 шаршы метр есебінен, сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын сақтай отырып рұқсат беру, демалыс және мереке күндері тоқтатыла тұрсын;
9) 2-тармақтың 47-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«47) күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың, оның ішінде жабық базарлардың жұмысына рұқсат етілсін. Жексенбі күндері жабық азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың жұмысына тыйым салу».
2. Осы қаулының орындалуын өзім бақылауда ұстаймын.
3. Осы қаулы 2020 жылғы 15 желтоқсан сағат 24:00-ден бастап күшіне енеді.
В. Нечитайло,
Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігер