Жеңімпаздар «Триумфы»

2020 жылғы 15 желтоқсанда жыл сайынғы дәстүрмен "Триумф"  сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Амангелдіқызы Есімова халықаралық және республикалық олимпиадалардың, конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарын марапаттады.04bd1b04-9001-4f20-9f69-d0e315165b7b
2009 жылдан бастапТәуелсіздік күні қарсаңында үздік жоғары сынып оқушыларын құттықтау дәстүрге айналған. Осы жылдар ішінде 1,5 мыңнан астам жас ғалымдар, спортшылар, әртістер мен суретшілер, 200-ден астам лауреаттар рәсімнің қонақтары болған.
Салтанатты шараның лауреаттары – облыстың 20 оқушысы және олардың 20 педагог-тәлімгерлері. Шектеу шаралары жағдайына қарай, рәсімге 5 оқушы және олардың педагогтары қатысты, қалған лауреаттар өз өңірлерінде онлайн рәсімі барысында естелік сыйлықтар алатын болады.cea773ec-d58b-403d-b781-3dbd196b8d3c
Ғылым, шығармашылық және спорттың әр саласында жетістікке жеткен оқушыларға «Триумф» мүсіншелері, Қостанай облысы әкімінің атынан ашық хаттар мен ноутбуктер табыс етілді. Бұл балаларды сөзсіз талант қана емес, сонымен бірге жетілген азаматтық ұстаным да ерекшелендіреді.f32626fc-6c3e-467c-b20e-a6b1f23ea56e
«Биология бойынша олимпиадаларға қатысу маған болашақ мамандығымды анықтауға көмектесті. Мен дәрігер болуды таңдадым, өйткені мен қоғамға септігімді тигізгім келеді. Бүгінгі күні елімізде медициналық кадрлар тапшы, сондықтан менің білімім жақсы, жоғары білікті дәрігер болуға көмектеседі деп сенемін. Қазір мен Назарбаев Университетіне түсуге дайындалып жатырмын және туған мектебімнің қабырғасында алған білімім арманымның жүзеге асуына міндетті түрде көмектеседі», – дейді «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ Лицей-интернаты» КММ түлегі Арман Көшербаев.e9459a2c-b6d3-4e9c-8d0b-bc6ba7bfdf4d
c1b91d1d-62a8-4aa5-9fdc-0ca9a055d671Салтанатты рәсімде дарынды және талантты балаларды қолдауға және ілгерілетуге қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес деген сөздермен педагогтардың атына алғыс айтылды. Олардың арқасында Қостанай облысын біздің республикадан тыс жерлерде де біледі. Педагогтарға облыс әкімінің орынбасары атынан алғыс хаттар мен планшеттер табысталды.d4d80434-dcb2-4af0-a0d1-fd47e2b21075
Биыл Амангелді, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Ұзынкөл аудандарының, Арқалық, Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларының және дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатының оқушылары мен педагогтары «Триумфтың» лауреаттары атанды. Барлық қатысушыларға Қазақстан Республикасының атынан жаңа жеңістер, жаңа табыстар тілейміз!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓