Жаңарған, жайнаған өңір
Бүгін Федоров ауданында "Қостанай таңы" газетінің күндері басталады
Федоров ауданы: Дерек пен дәйек
Балаларды бөбекжаймен қамту жағынан облыста алдыңғы орында – 98 пайыз.
"Балапан" бағдарламасының арқасында бір жылда 17 балабақша ашылды.
"Сыбаға" бағдарламасы жүзеге асырылғалы бері 1186 ірі қара мал сатып алынды.
Төрт жылда мәдениет саласына 800 млн. теңге бөлінді.
Ауданда көгілдір отын тарту мәселесі 2016 жылға дейін жолға қойылмақ.
Жылдық жоспар бойынша 1100 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Қайрат Ахметов,
Федоров ауданының әкімі:
"Ауданды ауыз сумен, газбен қамту – басты науқан болмақ"
– Қайрат Жұмашұлы, биыл-ғы ауа райы күзгі орақ жұмы-сына әсер етері сөзсіз. Сұра-ғымызды осыдан бастасақ, ау-данның қазіргі егін жинау бе-талысы қалай? Жанар-жағар-май жеткілікті ме?
– Егіннің шығымы жағынан облыста алдыңғы қатардамыз. Биылғы жаздық егіс 383 мыңнан астам гектарды құраса, оның 323 мыңнан астам гектарына дәнді-дақыл, 53,3 гектарына майлы дақыл, 6,8 мың гектарына мал азығы және 5,5 мың гектар жерге бір жылдық шөп өсіріп отырмыз. Әр гектардан орташа 14,5 цент-нерден астық айналуда. Қазір егіннің тең жарымынан астамы жиналды. Жанар-жағармай жет-кілікті. Ауа-райы қолайсыздық танытпаса, бір аптаның ішінде астықты төкпей-шашпай жинап үлгереміз.
– Мал шаруашылығы, мем-лекеттік бағдарламалардың орындалу барысы жөнінде атқарылған істерге тоқтала кетсек? Сондай-ақ, қай салада қордаланып жатқан мәселелер бар, осы жағын да білгіміз келеді.
– Егінмен қоса мал шаруашы-лығы да қатардан қалып көрген емес. Ауданда 28 мыңнан астам ірі қара мал болса, оның 13 мыңы сиыр. Ерекше атап өтетін жайт, өңіріміз малды асылдандыру жағынан жоғары көрсеткішке ие.
Қазіргі таңда аудан бойынша 5 инвестициялық жоба жүзеге асқан. Оған 5 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалып, жаңа-дан жүз жұмыс орны ашылды. Соның ішінде қазіргі заманғы екі сүт-тауар фермасы бар: "Тұрар" ЖШС – 1000 басқа арналған, 813 млн. теңге қаражат бөлініп, 20 жұмыс орны ашылды; "Бек+" ЖШС – 1200 басқа арналып, 3,4 млрд. теңге қаражат бөлінді, 40 адам жұмыспен қамтылды. Оның сыртында "Жаркөл 007" ЖШС 224 млн. теңгеге жылына 2000 тонналық қуаты бар және "Қар-жау" шаруа қожалығы 289 млн. теңге болатын, қуаттылығы 2600 тонна өсімдік майын шығаратын зауыттар іске қосылды. "Успенов" шаруа қожалығы тәулігіне 50 тонналық қуаты бар диірмен кешенін іске қосып, 11 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұлар-дың сыртында, индустрияланды-ру картасынан тыс 204 млн. теңгені құрайтын екі жоба жүзеге асырылса, олар 27 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Ал енді ауданымыз темір жол, тас жолдың үстінде. Бізде жол қатынасынан қиыншылық жоқ. Қазақстан мен Ресейді жалғай-тын үлкен дәліздің бойындамыз. Дегенмен алдымызда ауыз суды дұрыс жолға қойсақ деген мақ-сатымыз бар. Қазір аудан 5,8 пайыз ғана орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл об-лыстағы ең төмен көрсеткіш. Со-ған қарамастан, келер жылы суды 15 пайызға дейін қамту жос-парымызда бар. Қазір "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша су Жар-көл ауылына тартылып жатыр. Мәселен, 3,5 мың халқы бар Пешков, 3 мың адамы Баннов се-лолық округтерін ауыз сумен қам-ту мәселесін шешуіміз керек. Бүгінгі таңда құжаттар дайында-лып, судың қорына барлау-тек-серу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол себепті, өз басым алдағы жылдарда аудан халқы ауыз судан таршылық көрмейтін күнге жетеді деп сенемін.
– Ауданда осыдан екі жыл бұрын өзіңіздің бастамаңызбен жаңадан қазақ мектебі салын-ды, оған қоса бірқатар білім ор-далары мен мәдени, спорттық нысандардың жөндеуден өтіп жатқанын білеміз. Ал балалар-ды бөбекжайдағы орынмен қамту жұмыстары қалай жүр-гізіліп келеді?
– Өзім осы ауданға келген күн-нен бастап балабақша мәселесін қолға алдым. Қазір әрбір селолық округте балабақша бар. Бүгінгі күні балабақша кезегін күтіп отырған сексендей ғана бала бар, оның көбінің жасы әлі бір жасқа жеткен жоқ. Мәселен, бір жасын-да кезекке тұрған бала екіге толған бетте балабақшаға бара береді.
Аудан орталығында үш мектеп бар. "Жүз мектеп, жүз аурухана" бағдарламасы бойынша осыдан екі жыл бұрын еңселі қазақ орта мектебі пайдалануға берілді. "Жұмыспен қамту – 2020" бағдар-ламасы бойынша былтыр №1 орта мектеп күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ, былтыр М.Мәме-това атындағы №4 мектебіміз облыста үздік болды.
Қазіргі таңда әлеуметтік ны-сандардан жөнделмегені жоқ. Мәдениет, спорт ғимараттары жөнделіп қана қоймай, жаңадан салынып жатқандары да баршы-лық. Соның арқасы, осы сала-ларда жеткен жетістігіміз аз емес. Менің түсінігім бойынша, кез кел-ген ғимаратты, нысанды жаңадан салып немесе жөндеу үшін келе-шекте оның үлкен жеміс әкеле-тініне сену керек, соған күш жұм-сау керек. Өздеріңіз де білесіз-дер, бұрын ауданымыз спорттық жарыстардан соңғы орындарда қалып жүретін. Ал кейінгі жыл-дары алдыңғы үштіктен көрінетін болдық. Былтырғы облыстық "Тың – 2013" спартакиадасын жо-ғары деңгейде өткіздік. Сол кезде салынған, қайта жөндалген спорттық нысандар, жаттығу алаңдарының барлығы қазір тұрғындардың игілігіне қызмет етуде. Соның бір көрінісі – фут-бол, баскетбол, волейбол, тен-нис, үстел теннисі, қазақ күресі, басқа да күрес түрлерінен спорт-тық секциялар ашылуда. Енді, соларға балаларды бөлуді жүргі-зіп жаттықтырушыларды тартып жатырмыз. Аудан бойынша 131 спорт нысаны бар. Ал, биыл Фе-доров селосындағы "Атлет" спорт кешені қалпына келтіріліп, оған 349 млн. теңге қаржы жұмсалды. Алдыңғы жылы ауданымыздың өнерпаздары облыстық байқау-да бас жүлде иеленіп, "ГАЗель" көлігін алдық. Сол спортшыла-рымыз бен өнерпаздардың бар-лығы өзіміздің ауданның азамат-тары, сырттан ешкім келмейді. Біз олардың дайындығын мұқият қадағалап, материалдық көмек-тер көрсетіп, ақшалай демеу жа-сап отырсақ, олардың да ынтасы арта береді. Үш мәдениет үйі, оның ішінде аудан орталығын-дағы "Жастар" мәдениет сарайы күрделі жөндеуден өтті.
Мен осы өңірдің Кеңарал ауылында туып-өстім. Мамандығым химия-биоло-гия пәнінің мұғалімі. Бұрын аудан орта-лығын қамыс басып, батпақ болып, әр жерде күл-қоқыс жататын. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде адам танымас-тай өзгерді. Небір ғимараттар салынды, жөнделді. Соның бір айғағы – осыдан екі жыл бұрын орталықта ойып тұрып сәу-летті қазақ мектебі ашылды. Облыс әкімі өзі келіп, тұсауын кесті. Бұрын оқушыла-рымызбен әр мектептің бұрышында кө-шіп-қонып жүретін едік. Енді, міне, үш жүз орынға арналған кең білім ордамыз бар. Балалардың келуі де жылдан жылға артып келеді – алғаш 45 оқушы болған, қазір 130-ға жетті. Жаңадан келген жас мұғалімдерге аудан әкімдігі пайызсыз несие алуға көмек беруде. Жас мамандарға арнап сегіз пәтерлі үй салынды. Келген мұғалімдер баспана іздеп сабылмайды, бірден сонда орналасады.
Мектептің кабинеттері соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Мәселен, өзімнің кабинетімде практикалық, зертханалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік бар, мультимедиялық кешен орнатылған. Қазір арнайы курстан өтіп келіп, балаларды заманауи технологияның 7 модулі бойынша оқытып жатырмын.
Осы ауданға Меңдіқарадан 2012 жылы қаңтар айында келдім. Қазір қазақ күресі, тоғызқұмалақ және асық атудан жаттықтырушы қызметіндемін. Жасөс-пірімі бар, ересектері бар, отыз адам жат-тығады. Қазіргі жастардың ұлттық спорт ойындарына деген ынталары артқан. Мәселен, тоғызқұмалақтан, асық атудан облыстық біріншіліктерде жүлделі орын иеленіп келеміз. Бұл өңірде спортты да-мытуға барлық жағдай жасалған. Ста-дион жаңа, күрес секцияларына қажетті кілемдер жеткілікті. Аудан әкімінің көмегімен жаттықтырушыларға арналып төрт пәтерлік үй салынды. Ауданға келгелі, көтермеақы ал-дым. Енді қазақ күресінен баулыған ізбасарларымды облыстық, рес-публикалық жарыстарға шығарсам деген мақсатпен жаттығып жүрміз.
Өзім "Қостанай таңы" газетінің тұрақты оқырманымын, өңіріміздің спортын, соның ішінде ұлттық түрлерін кеңінен насихаттап келе жатқан басылым.
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ.