Зейнетті күту бейнет пе?

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова "Мұғалімдердің мәртебесі туралы" заң жобасының әзірлену барысы және мұғалімдердің зейнетке шығу жасы жайындағы сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Zakon.kz сайты жазады.110508
"Білесіздер ме, заң жобасы педагогикалық қоғамдастықтың арасында өте қызу талқылаудан өтті. Оған Парламет Мәжілісінің депутаттары да қатысты. Көптеген ескертулер жасалды, сондықтан жоба екінші мәрте қаралған еді. Енді, шамамен, тамыз айына таман Мәжіліс қарауына ұсынамыз", – деді министр.
Сондай-ақ, ведомство басшысы қазіргі таңдағы ең көкейтесті мәселе – мұғалімдердің 30 жыл еңбек өтілінен кейін зейнетке шығу туралы пікірін айтты.
"Зейнетке шығу мәселесі елдің зейнеткерлік заңнамасы бойынша қаралып жатыр. Мұғалімдік – азаматтық қызметкер деңгейін жатады, сондықтан бұл мәселені барлығы бірігіп пысықтайды. Зейнет түйткілін біз қазір басқа тұрғыда көтеріп жүрміз: егер адам педагогикалық ЖОО бірітіп, бірден мектепке жұмыс істеуге келсе және мектеп үзіліссіз жұмыс істесе, онда зейнетке шығар кезде педагогикалық ЖОО-да оқыған жылдары жалпы еңбек өтіліне қосылып есептеледі. Сондықтан біз бұл мәселені талқылаймыз және оны орталық мемлекеттік органдар мақұлдайтын болады", – деді ол.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓