Кәсіпорын ашылды
Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қостанай қаласында «Фортуна Мед» кәсіпорны салтанатты түрде ашылды. Бұл іс-шараға облыс әкімінің индустрияландыру, экспорттық әлеует және инвестиция мәселелері жөніндегі орынбасары Ерлан Қойшыбаев қатысты.
«Фортуна Мед» ЖШС науқастарға арналған төсек орын, арба, балалар мен ересектер кереуеті сияқты медициналық жабдықтарды шығарумен айналысады. Кәсіпорын «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бағдарламаларына қатысып, 206 миллион теңге сомасында жеңілдетілген несие алған. Несие қаржысын мүгедектер кресло-арбасын жасауға арналған арнайы құрылғылар алуға жұмсапты.
Серіктестіктің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Е.Қойшыбаев аталған жобаның маңыздылығын ерекше атап өтті. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына қолдау білдіріп, мүгедектердің жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуде мұндай жобаның көмегі көп-ақ. «Фортуна Мед» ЖШС-ның директоры Александр Мацкевич жобаның барлық қатысушыларына алғысын білдірді.
«Фортуна Мед» ЖШС мүгедектерге арналған «Армед» кресло-арбасына тіркеу куәлігі бар еліміздегі жалғыз кәсіпорын екенін айта кетейік.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.