Қостанайдың алтын жастары

алтын қаскен 11.28.10«Қостанай облысы жастарының Алтын кітабына» 11 жаңа есім енді. Жұлдызды жастарды Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова марапаттады.
– Мемлекет саясатында жастарды, олардың бастамаларын қолдау басым бағыттардың бірі. Өздеріңізге белгілі, 2019 жыл жастарға арналды. Биыл еріктілер жылы деп белгіленді. Еріктілердің көп бөлігі – жастар. Бүгінгі марапаттау сәті Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өтіп отыр. Еліміздің сіздердің болашағы, мықты жастары барына қуанамын, – деді Б.Есімова салтанатты жиында.
алтын жастар.28.09Айта кету керек, «Қостанай облысы жастарының Алтын кітабы» басқа өңірлерде теңдесі жоқ біздің облыстың бірегей жобасы. Алғашқы лауреаттар 2005 жылы марапатталды. «Алтын кітапқа» 14 пен 29 жас аралығындағы ерекше жастардың есімі жазылады. Олар өздерін жан-жақты көрсете білуі тиіс. Жоба бүгінге дейін 229 есімді қамтыды.
базарбаев д11Биыл іріктеуге өңірде әр салада еңбек етіп жүрген екі жүзден астам жас қатысты. Үміткерлер есімі әуелі әлеуметтік желіде таныстырылды. Оларға көпшілік Қостанай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының инстаграм парақшасы арқылы дауыс берді. Бұл іріктеудің бірінші кезеңі. Одан таңдалған ең мықтыларды байқау комиссиясы талқыға салды. Сөйтіп, 11 номинацияда үздіктер анықталды.
жанна таласпаева«Жас саясаткер» аталымында Алина Ищанова, «Журналистика» номинациясында Қасқырбай Қойшыманов, «Мәдениет және өнер саласына қосқан үлесі үшін» – Жанна Таласпаева, «Білім және ғылым саласына қосқан үлесі үшін» – Рүстем Бейшов, «Мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін» – Рыскүл Таскумбаева, «Спорттағы жетістіктері үшін» – Надежда Рябец, «Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» – Карина Юсупова, «Жастар кәсіпкерлігін дамытуға және Start-up жобаларға қосқан үлесі үшін – Ләззат Ахмадиева, «Волонтерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін» – Дамир Өтебаев, «Ауылдың дамуына қосқан үлесі үшін» – Наурызбек Бірмағамбетов, «Жас батыр» номинациясында Дархан Базарбаев лауреат атанды.
базарбаев.11

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓