Мұз қалашығы салынбайды

Рудный қаласының әкімі Қуандық Испергенов алда келе жатқан жаңа жыл мерекесіне қатысты тұрғындар сұрағына жауап беріп, негізгі шарттарды түсіндірді. Оның айтуынша, биыл қалада мұз қалашықтары салынбапйды, бірақ шырша орнатылады.4
"Әртүрлі әңгімелер мен алыпқашпа сөздердің алдын орау үшін бірден айтарым, осы жылы Рудныйда дәстүрлі мұз қалашығы болмайды. Бұл шешім COVID-19 инспекциясының ушыққандықтан қабылданды. Әрине, мұның қыс қызығын күтетін балалар үшін жайсыздау жаңалық екенін түсінемін. Биыл жаңа жылды күту карантин шараларына байланысты әдеттегіден өзгешелеру болғалы тұр. Жағдайдың бұдан әрі қалай боларын да болжау өте қиын. Қалалықтар орталық алаңда мерекелік шырша орнатыла ма деп сұрап жатыр. Иә, шырша болады. Ол 14 желтоқсаннан бастап орнатыла бастайды. Дегенмен, адамдардың шоғырлануын болдырмау үшін салтанатты ашылуы болмайды", – деді әкім. 
Сонымен бірге Испергенов КВИ індетінің бет бақтырмай тұрғанын да тілге тиек етті. Рудныйда мониторингтік топтар үздіксіз жұмыс істеуде. Олардың мақсаты – кәсіпкерлерді айыппұлмен қорқыту емес, дерттің таралуына қарсы күресу. Қалада 1 қазаннан бастап 270 рейд өтіп, 1392 нысан қамтылған, 137 тәртіп бұзушылық тіркеліпті. Қазіргі уақытта құрамында 63 адам бар 10 мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓