Есімдері есімізде
Қостанайлық полицейлерТәуелсіздік күні қарсаңында қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына барып, гүл шоқтарын табыс етіп, материалдық көмек көрсетті.
Полицейлер марқұм әріптестерінің отбасына барып, оларды елдің басты ұлттық мерекесімен құттықтады. Полиция қызметкерлері старшина Федор Балановский 1992 жылы және сержант Қайыржан Жаппасбаев 2009 жылы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған.
Федор Балановский 1992 жылы оқ тиіп мерт болған. Милиция қызметкері Ішкі істер органдарында 14 жыл қызмет етті. Ол тәжірибесі мол маман еді. 1992 жылғы 7 тамызда милиция старшинасы қолға түскен күдіктіні бөлімшеге алып баруға әрекеттенген кезде қылмыскер тәртіп сақшысының табельдік қаруын иемденіп алып, оны ауыр жарақаттады. Қаза тапқан милиционерді ескерткіші Қостанай облысы Полиция департаментінің "Милиция даңқы" мемориалы мен мұражайында мәңгі сақталған.Қайыржан Жаппасбаевтың есімі де ерлігімен мәңгі есте қалады. Жол полициясының инспекторы 2009 жылғы 1 тамызда мас жүргізушінің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты. Полицей сол күні жол қозғалысының сақталуын қадағалап жүрген. Тәртіп сақшысы медициналық мекемеге бара жатқан жолда ауыр жарақаттарынан көз жұмды. Полиция аға сержантының артында жұбайы Гүлжан мен ұлы Дәулет қалды.
Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Дүйсебаев марқымдардың жарлары Татьяна Балановская мен Гүлжан Жаппасбаеваға ықылас гүлін табыстап, тәртіп сақшылары атынан материалдық көмек көрсетті. Әйелдер полицейлерге жұбайларын ескерусіз қалдырмағаны және көп көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.
Полицейлер әр жылдары қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан 17 марқұмның отбасына барды.
Айта кету керек, аймақ полицейлері қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына, сондай-ақ көп балалы отбасыларға тұрақты түрде қолдау көрсетіп тұрады.