7 тұрғынға – 77,7 теңге

Сарыкөл ауданында мал шаруашылығымен айналысуға ынталы тұрғындар қатары көбейіп келеді. Оның бір дәлелі – Маяк ауылы. Биыл мемлекеттен 77,7 млн теңге көлемінде пайыздық мөлшері аз несие алған жергілікті кәсіпкерлер өрісті ірі қараға толтырсақ дейді. cd7f41c1-7c1f-463e-b914-059c0b1da30cБұл ауылда көбі мал ұстап, шағын да болса шаруасын дөңгелетіп отыр. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, жеңілдетілген несие алып жатқандар бар. Солардың бірі – Дастан Әмренов.
– Жақын танысым Марат Есенов екеуміз кәсібімізді кеңейтсек деген шешімге келдік. Сөйтіп, «Еңбек» бағдарламасына қатысып, 3,1 млн теңге несие алдық. Оған тоғыз бас сүтті сиыр сатып әкелдік. Бізге бұл жағынан аудан әкімдігі көп қолдау көрсетті, – дейді Д.Әмренов.
Кәсіпкерлер көктемге қарай мал басын көбейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашқысы келеді.
Маяк ауылының әкімі Берік Қапсұлтановтың айтуынша, кейінгі уақытта мемлекеттік бағдарламаға қатысуға ниет білдергендер көбейген.
– Ауыл қалаға жақын болған соң, өнімді өткізуге де мүмкіндік мол. Биыл жеті кәсіпкер несие алды. Григол Капанадзе «Сыбаға» бағдарламасына қатысып, 59 млн теңгеге қол жеткізді. Ол Австриядан 50 бас асыл тұқымды ірі қара әкелді. Міне, осылайша мал шаруашылығы дамып жатыр, – дейді ауыл әкімі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓