Қылмыс 1/3 азайды

сайт1
Бұл тенденция қатарынан төрт жыл бойы сақталып келеді. Ал биылғы жылы адам өлтіру, денеге ауыр жарақат салу, зорлау, қарақшылық, тонау, алаяқтық, бұзақылық, көлік айдап әкету түрлері айтарлықтай кеміген. Бұл туралы онлайн брифинг өткізген облыстық полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов баяндады.
– Біздің өңіріміз үшін мал ұрлығы әлі де болса айтарлықтай проблема болып тұр. Дегенмен қылмыстың бұл түрі 30% азайды. 189 мал ұрлығының 124-інде жайылып жүрген жерінен алып кеткен. Тағы 150 мал ұрлығы қараусыз кезде жасалған. Сондай-ақ, пәтер тонау 45% азайып, бұл қылмысты ашу көрсеткіші артты. Мас күйінде және бұрын сотталғандардың қылмысы төмендеді. Жасөспірімдер қылмысы мен балаларға қарсы әлімжеттік қысқарды. Қоғамдық орындар мен даладағы қылмыс 40% төмендеді. Бұл алдын алу шараларының дұрыс жолға қойылуы мен бірнеше жылдан бергі ауладағы жаяу патруль жұмысының жемісі. Жолда да апаттар санының 10% қысқарып, жарақаттанғандар мен қайтыс болғандар санының азаюы байқалады, – деді генерал.
сайт3
Департамент бастығы полицейлерге қатысты жемқорлық қылмысы жайында да сөз етті. Айтуынша, парақорлыққа барғандар саны биыл 3 есеге азайған (14-тен 5-ке). Тәртіп сақшыларының дөрекілігі де басшылық назарында. Үстіміздегі жылы ішкі істер органдарынан қызметін асыра пайдаланған 27 қызметкер қуылған.
Генарал атышулы қылмыстарға да тоқталып өтті. Соның бірі былтыр 11 қарашада Жітіқара қаласында жасалған «банкир ісі». Қаржы ұйымының қызметкері 87 миллион теңгені өз жеке шотына аударып, Қазақстаннан қашып шығып, көршілес Челябі қаласына бой тасалағаны белгілі. Біздің тергеушілер екі елдің үкіметтік деңгейіндегі келісімі арқылы пандемия кезінде РФ-ге барып, істі жүргізіпті. Ақша тәркіленіп, банкке қайтарылған.сайт2
 
– Келесі қылмыс үш күн бұрын жасалды. Рудныйда 31 және 68 жастағы азаматтар қосылып ішімдік ішіп, араларында жанжал туындаған. 31 жасар азамат бөтелкелесіне пышақ салып, жәбірленуші алған жарақатынан көз жұмды. Қаскөй өліктің басын кесіп, оқиға орынан қашып кеткен. Мәйітті туыстары тауып алып, полициға хабарлады. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде біздің патрульдік қызметкерлер көшеде мас келе жатқан ер адамды тоқтатады. Қолы қан күдікті қылмысын мойындады. Қазір ол тұтқындалды, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деді департамент бастығы.
сайт4
Жиын соңында Б.Аймағамбетов келген сұрақтарға жауап беріп, барлық сауалдарды бақылауға алатынын жеткізді.
сайт5

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓