Жаңа аудитория ашылды

     Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты Тобыл Дәулетбаев атындағы аудиторияның ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шара үстінде ҚМПУ-нің ректоры Еркін Әбіл сөз алып,  профессорды аудиторияның ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.          DSC_7749Ал Тобыл Еслямғалиұлы салтанатты түрде лентасын қиып, аты жазылған тақтайшаны аудитория сыртына ілді. Ол университет басшылығына алғысын білдіріп, студенттерге ағымдағы оқу жылына сәттілік тіледі. Іс-шара барысында оқу ордасының белсенді жастары ән шырқап, би биледі.DSC_7756
   Аудиторияның ашылуына байланысты «Мектеп және жоғары оқу орындарында математикалық білім беру мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізілді. Онда математикалық білім берудің бүгінгі проблемалары қаралды. Сондай-ақ, жаңартылған бағдарламаның енгізілуіне қатысты мәселелер, математиканы кәсіби бағдарлық оқытудың кейбір мәселелері, білім базасының жаңартылуы, математикалық сауаттылық мәселері талқыланды.DSC_7808
    Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің әдістемелік зерттеудің математика және физика секторларының жетекшісі Бақыткүл Талқанова соңғы үш жылдағы облыстағы математика пәнінің мұғалімдерінің сапалық құрамымен таныстырды.
    – Біздегі барлық мұғалімдер жоғары санатты. 2015-2016 жылғы оқу жылдарындағы мұғалімдер саны – 1068 болса, қазіргі уақытта 1060-ты құрап отыр. Жаңа оқу бағдарламасына байланысты біліктілікті арттыру курстарын оқуда, соның ішінде басым көпшілігі жас мамандар. Қазіргі таңда жоғары білімді мұғалімдердің саны  – 1026, ал соңғы үш жылдағы көрсеткіш бойынша кәсіби орта білімді 8 мұғалім бар. Жыл сайын жас мамандардың саны артуда. Білім мазмұнын жаңарту аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жаңартылған оқу базасындағы оқулықтар топпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар көп. Мәселен, бір сыныпта бала санының аз болуына байланысты, топпен жұмыс істеуіне мүмкіндіктер аз. Сондықтан, мен университет басшылығына  алдағы уақытта аз оқушымен  жұмыс істей алатын мамандар дайындасаңыздар деген ұсыныс білдіргім келеді, – деді Бақыткүл Талқанова.DSC_7807
      Оқу орнының басшылығы мен кафедра меңгерушісі болашақта бұл ұсынысты ескеретіндерін жеткізді. Басқосу барысында облысымыздағы мектеп оқытушылары өздерінің 2018-2019 оқу жылының жұмыс жоспарларымен таныстырды.
 
Әсел Қибаш

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓