Үздік үштікте
Қостанайда 20-23 сәуір аралығында кикбоксингтен 2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында КСРО спорт шеберлері М.Бегежанов пен А. Бұсұрмановты еске алуға арналған Қазақстан Чемпионаты өтті. Үш күнге ұласқан бәсекеде елдің әр түкпіріне 332 спортшы күш сынасты. Жарыс қорытындысында Қостанай құрама командасы 3-орын алды.
Чемпионатты облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Қостанай облысы Кикбоксинг федерациясы және Қостанай қаласындағы "Сұлтан" спорт клубы, сондай-ақ Қостанай ауданы әкімдігі ұйымдастырды. 
"Қостанай қоржынына 3 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль бұйырды. Осылайша, біздің құрама команданың алдына Тараз, Нұрсұлтан командалары ғана шықты. Спортшыларымызды дайындаған бапкерлерге алғыс айтамыз", – деді Қостанай облысы Кикбоксинг федерациясының басшысы Дәмер Қалқаев.







