Қайырымдылық марафоны өтті

Қостанайда жеңіл атлетикадан қайырымдылық  марафоны өтті. Жеңіс саябағында өткен жүгіріс таңғы 8-де басталды. Жарыстың алдында әр қатысушы тіркеліп,  сериялық нөмірі мен спорттық киімдерін алды. Марафонға 1600-ден астам спортшы қатысты. Аталмыш жарысты ұйымдастырушы – «Жемчужина Стомед» клиникасы.DSC_0575
       "Біз бұл марафонға бір жыл дайындалдық. Жарыстың нәтижесін автоматтандырылған электрондық уақыт жүйесі арқылы анықтайтын боламызә, – деді жарыстың негізгі ұйымдастырушысы, халықаралық  дәрежедегі спорт шебері Маргарита Клименко.
      Жартылай марафонның басты мақсаты – обыр дертімен күресіп жатқан Татьяна Васильченконың емделуіне қаражат жинау.  Ол қазіргі уақытта Мәскеу қаласында ем алуда.DSC_0571
     Марафонның салтанатты ашылуына Азия, Африка, Австралия және Американың ең үлкен шөлдерін жүгіріп өткен адамзат тарихындағы алғашқы және жалғыз спортшы, аты аңызға айналған қазақстандық марафоншы Марат Жыланбаев қатысты.
       "Жүгірудің  пайдасы ұшан-теңіз. Себебі, бұлшық еттердің  85 %-ы жұмыс істейді. Егер жаттығу дұрыс болмаса, ол денсаулығыңызға кері әсер етуі мүмкін. Жүгіріс дәрі-дәрмек сияқты, ол емдейді. Сондықтан да, оған үлкен жауапкершілікпен қарау қажет. Менің ойымша, жүгірісті бала кезден бастау керек. Өз басым 1000-нан астам адамды үйреттім",  – деді Марат Төлегенұлы.DSC_0599
     Жарысқа қатысушылар 400 метр қашықтықты жүгіріп өтті. Қыздар арасында бірінші болып Милан Кулаева,  ұлдар арасында Денис Тихонов бірінші болып келді.
     Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, оларға  бағалы сыйлықтар табыс етілді.
 
 Әсел ҚИБАШ
Суретті түсірген  Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓