Зағиптар қоғамы жиһаз жасайды

Рудный қаласында қазақ зағиптар қоғамы жиһаз шығаруды қолға алды. Жаңа цех "Еуразиялық Топпен" жасалған меморандум аясында жүзеге асып отыр. 007"Рудный оқу-өндірістік кәсіпорны" ЖШС қазақ зағиптар қоғамы мұны биыл іске асқан ең игі жобаға балайды. 
"Меморандумға осы жылдың 25 маусымында қол қойылып, соның арқасында таяуда ғана жиһаз өндірісі іске қосылды. Бүгінде мұнда көз кемістігі және құлақ мүкістігі бар 4 адам еңбек етуде. Әрине, өндіріс қиынырақ әрі жарақаттану ықтималдығы зор, өйткені жұмысшылар – 3 топ мүгедектері. Дей тұрғанмен, оларды арнайы оқытудан өткіздік", – дейді серіктестік директоры Руслан Таипов.
Қазірдің өзінде-ақ цехқа "ССКӨБ" АҚ-нан алғашқы тапсырыс келіп түсті. Олар құны 7 млн теңге болатын корпустық жиһаздар жасауға кірісіп кетті. Мұның сыртында, мемлекеттік сатып алу қатысып,  қаладағы №3 балабақшаға жиһаз дайындау конкурсын ұтып алған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓