Интернет мәселесі шешілді

Биыл бұл мәселе әсіресе қашықтан оқыту режимі енгізілгелі өзекті бола түсті. Сондықтан Тобыл қаласының Восточный шағын ауданының тұрғындар осы түйткілдің шұғыл шешімін талап етіп шағымданған еді. Таяу арада "Қазақтелеком" АҚ шағын ауданға "Теле-2" және "Алтел" операторларының базалық мобильдік байланыс станциясын орнатып берді.unnamed
Енді интернетті үйлеріне енгізіп алу үшін тұрғындар "Қазақтелекомның" аудандық филиалына жүгініп, өтінім жазулары қажет. Мұнымен қоса, роутер құрылғысы қажет. Оны осы мекемеден жалға алуға немесе кез келген техника дүкенінен сатып алуға болады. Абонент ұсынылған екі тарифик жоспардың бірін таңдауы тиіс. Оның бірі үй телефонымен байланысты, екіншісі құр өзі жұмыс істейді.
Ұсынылатын қызмет құны – айына 4900 теңге. Бұл пакетке ұялы телефонға арналған қосымша интернет те кіреді.
Өтінім беру үшін WhatsApp мессенджерін қолдануға, 160 нөміріне қоңырау шалуға немесе аудандық филиалға баруға болады. Қызметті рәсімдеу үшін мекенжай анықтамасы және жеке куәлік қажет. Интернет үш тәулік ішінде қосылады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓