“Триумф” жеңімпаздары марапатталды

Биылғы мешін жылы мектеп оқушылары үшін де жемісті жыл болды. Облыс әкімінің қатысуымен өткен “Триумф” шарасында орта білім беру саласының үздіктері марапатталды. Олардың қатарында облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі зияткерлік, шығармашылық, өнер және спорттық сайыстарының жеңімпаздары бар. Шарада оқушылармен қатар, олардың ұстаздары да құрметке бөленді.
Салтанатты шара басталмас бұрын облыс әкімі А.Мұхамбетов роботтық техника құрастыруда, сондай-ақ облыстық, респбликалық, тіпті халықаралық сайыстарда топ жарғандардың шығармашылығына арналған көрмені тамашалады. _MG_0836
_MG_0839
_MG_0849
_MG_0847Одан кейін әкім жеңімпаз оқушыларды жеңістерімен құттықтап, сәттілік тіледі. Архимед Бегежанұлы өз сөзінде қай заманда болмасын адамзат қоғамын алға апаратын күштің тек білімде ғана екендігін тілге тиек етті._MG_0884
_MG_0886
_MG_0872-Бүгін міне, алтыншы рет Қостанай облысының көркейіп, нығаюына үлес қосқан, жыл бойы түрлі додаларда көзге түскен дарынды жастарды жинап отырмыз. Биылғы кездесу ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен облысымыздың 80 жылдық мерейтойларымен тұспа-тұс келіп отыр. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Қазақстан экономикалық және қоғамдық тұрақтылыққа жету, индустриалдық-инновациялық даму және әлемде өз орнын нығайту үшін ұстанған бағытпен алға дамып келеді. Егемендік алған жылдардан бері Елбасымыз үнемі арнайы мектептердегі дарынды балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін шыңдауларына да ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінде еліміз бойынша осындай 124 білім ошағы бар. Біздің облысымызда да ең алдымен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектебі, кейін “Озат” мектебі мен қазақ-түрік лицейі ашылды. 2014 жылы Назарбаев зияткерлік мектебі бой көтерді. Бүгінде бұл білім ошақтары өз нәтижесін беруде. Оны сіздердің жетістіктеріңізден-ақ байқауға болады. Қазіргі таңда жастардың білім алуына, қалаған сүйікті ісімен айналысуына барлық мүмкіндік жасалған. Қостанай жерінде де түрлі салада жетістікке жетіп жүрген жастар жетерлік. Сондықтан, Қазақстанның, Қостанайдың болашағы – сіздер секілді жастардың барына мақтанамыз. Болашақтың иесі сіздерге сәттілік тілеймін, – деді облыс әкімі А.Мұхамбетов._MG_0881
 
_MG_0908Облыс бойынша биыл 9 бен 11 сынып оқушыларының 150-ден астамы әртүрлі пәндік олимпиадалар мен шығармашылық сайыстарда топ жарған. “Триумф” шарасында солардың отызға жуығы және жиырмадан астам ұстаз бен тренерлер облыс әкімінің арнайы марапатына ие болды. Өңірдің ең үздік өрендерін қолдау мақсатында ұйымдастырылған аталмыш шара жалпы 2011 жылдан бері өткізіліп келеді._MG_0942
 
_MG_0984
_MG_0921
_MG_0936
_MG_0937
_MG_1002Қарлығаш ОСПАНОВА
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓