Кент келбеті көріктенді
«Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Амантоғай ауылдық округінде біраз шаруа тындырылды. Мәселен, елді мекендердің инфрақұрылымдық дамуы тұрғындар көңіліне үлкен қуаныш ұялатады. Тоғыз жолдың торабында орналасқан өлкеде атқарылған ауқымды іс-шаралар Амантоғай ауылдық округіне төрт елді мекен қарайды. Бүгінде бұл аумақтағы халық саны 1423 тұрғынға тең. Өңірде екі оқу ордасы бар. Солардың бірі – Жалдама орта мектебі. Мұнда 30 мұғалім 82 оқушыға штаттық режимде білім береді. Негізі 1989 жылы қаланған білім беру мекемесінде биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарына 50 млн теңге жұмсалған. Мектеп директоры Сандуғаш Балекинаның айтуынша, мектептің шатыры, терезелері ауыстырылған. Жаңа қазандық орнатылыпты. Спорт залына заманауи еден төселген.
«Амантоғай орта мектебінде жылу жүйесі толық айырбасталды. Бу қазандығы сыртқа шығарылды. Одан қалды биыл бала-бақша құрылыс басталған. Жыл аяғына дейін ел игілігіне айналдыруды көздеп отырмыз. Амантоғай ауылына 508 млн теңгеге орталықтандырылған ауыз су құбыры тартылды. Мұның бәрі ауыл халқына мемлекет тарапынан жасылып отырған айрықша көмек»,- дейді Аманторғай селолық округінің әкімі Жұманияз Ильясов. Айтуынша, үстіміздегі жылы ауылда үш көше күрделі жөндеуден өткен. Оған бөлінген қаражат көлемі – 106 млн теңге. Ауылды абаттандыру шаралары жергілікті тұрғындардың жайлы өмір сүруіне сеп болып отыр. Сондықтан мұндай дамушы елді мекенде тұрудың өзі бір ғанибет, – дейді атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толған аға буын өкілдері. Бүгінде бұл ауылдық округте медициналық пункт, саябақ және мәдени іс-шаралар клубы жұмыс істейді. Жергілікті билік өкілдері ескірген ғимараттарды жаңғыртуға үлкен көңіл бөлуде. Сондықтан, тізгін ұстаған тұлғаларғы ауыл тұрғындарының айтар алғысы шексіз.
Әлібек Ыбырай