Ақиқатты ту еткен

Қазақ журналистикасының бірегей тұлғасы Жұматай Сабыржанұлының туындылары оқырмандарының жүрегінен орын тапты. Бар жоғы елу бес жыл ғұмырында өшпес мұра қалдыра білген қалам иесі көзі тірі болғанда бүгінде 70 жасқа келер еді.
Жұматай Сабыржанұлы – қарымды қаламгер, ақиқатты ту еткен азамат. Жарық көрген үш кітабы жұрт жабыла іздеп жүріп оқитын өшпес туындыға айналды. Оның әр сөзін қашап, мінсіз мүсін күйіне жеткізген сөйлемдері мен ой толғамдары – ойлы оқырманның рухани азығы. Жұматайдың туған тіліміздің тағдыры үшін күрескен табанды жігері, азаматтық ұстанымы, мәрт мінезі жайлы аз жазылған жоқ. 15e05c5d-2c6b-4382-b448-60e4e8b99378Сатирик-жазушы Көпен Әмірбек "сықақшылар қауымында «сатира – қаһарлы қару, оны қолдан түсіруге болмайды» деген бір ұран бар. Жұматай Сабыржанұлы сол қаруды қолдан түсірмеген керемет сықақшы болды. Оспанхан ағамыздың бір ауыз өлеңі бар. «Қажымайтын, қайыспайтын қара нар, Ертедегі Ер Төстікке пара-пар». Қазақ сатирасының қара нары Жұматай Сабыржанов болды. Қостанай облысының қасиетті Торғай топырағында дүниеге келіп, оның ішінде Аманкелді батыр ауданының Алакөл ауылынан түлеп ұшқан, аты бүкіл елге белгілі күрескер журналист, тотияйын тілді сатирик Жұматай Сабыржанұлының 70 жылдығына орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырумен «Ақиқатты ту еткен» атты тақырыпта еске алу кеші өтті. af93cbf6-cef5-4192-8d7c-41062c04bd01Сонымен бірге жары Әмина Міржүсіпқызы Жұматай туралы «Шындық үшін шарпысқан», және «Ғұмыр дария» атты естелік кітаптарының тұсау кесері өткізілді. Естелік кітаптың тұсауын Қазақстан жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі «Аманкелді арайы» газетінің бас редакторы Хамитбек Қуандықұлы кесті. Қаламгер туралы әңімеледі. Жазушының аудандық газетте  бірге жұмыс істеген замандастары, сыныптастары, ағайын туыстары жиналып сөз тізгінін алды. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есім Жетпісбайұлы, замандасы зейнеткер Ағыбай Әбдікәрімұлы, туысы Әлия Жүнісқызы, Жұлдызай Олжағұловалар қаламгер туралы пікірін ортаға салды. Кеште қаламгерлерге арналған әндер шырқалды.  Еске түсіру кеші өте тартымды өтті.c9a5f378-f8a5-45e1-bc8a-9d711e54fc48

Мөлдір Әміржанова,
Аманкелді аудандық кітапханасының қызметкері.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓