Тәлімгерлерге куәлік табысталды

Мухтасиб Әлмұхаммед молла атындағы Арқалық қалалық мешітінің «Діни сауат ашу курсы» өз мәресіне жетіп, бас имам Бектұрсын қажы Уәлиев 30 шәкіртке арнайы куәліктер табыстады. Ілім жолындағы алғашқы ізденістерін бастаған тәлімгерлерге мешіттің аға буын өкілдері бата беріп, сәттілік тіледі.IMG-20160517-WA0023
Мұнда шәкірттер тек білім алып қоймай, көңілді бой сергітер спорттық ойындар да ұйымдастырып тұрды. Сонымен қатар, мешітте өткізілген қайырымдылық шараларға белсенді қатысып, зейнеткер, мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасыларына қол көмектерін де көрсетіп тұрды.
 
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓