Ең үздігі – лисаковтық оқушы

«АрселорМиттал Темиртау» АҚ өзінің 25 жылдығына орай, кәсіпорын қызметкерлері балаларының арасында бейнеқұттықтау байқауын өткізді.article2932Бұл байқауға ірі компанияның елдегі барлық департаментінен ұзын саны 97 үміткерден өтінім келіп түскен. Әр ролик 9 мың қаралымнан жинаған. Қорытындысында үш жеңімпаз – Көмір, Болат, және Темір кені департаменттерінен бір қатысушыдан іріктеліп шықты. Темір кені жеңімпазы болып Лисаков қаласының 9-сынып оқушысы Никита Астахов танылды. Оның анасы Татьяна Эйрих осы компанияда 30 ыжл бойы қызмет етіп келеді.
"Өркен" ЖШС Лисаков филиалының жетекшісі Александр Бабич жеңімпаз оқушыны арнайы құттықтап, марапатын табыстады. Ол лисаковтық оқушының күрделі бәсекеден суырылып шыққанын, осы арқылы жергілікті компанияның имиджіне ұпай қосқанын айтты.
Жеңімпаз Никитаға ноутбук және алғыс хат табыс етілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓