COVID-19: +82
2 желтоқсанда Қостанай облысында 82 адамнан коронавирус табылды. Бір тәулік ішінде дерттің таралу қарқыны 1,5 % құрады. Сырқатқа Қостанай қ. – 26 адам, Рудный қ. –21, Қостанай ауданында – 10, Жітіқара ауданында – 10, Лисаковск қ. – 6, Денисов ауданында – 4, Қамысты ауданында – 2, Алтынсарин ауданында – 1, Меңдіқара ауданында – 1, Науырзым ауданында 1 адам шалдықты.
61 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 16 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 4 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексерілген.
Індет жұқтырғандардың ішінде 60 адамда ауру белгілері болды, 22 адам симптомсыз түрін жұқтырған.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2 желтоқсан аралығында COVID-19-ды 5554 адам жұқтырып, 3967 адам емделіп шыққан.