12 ауылға су тартылады

Қарасу ауданында отыздан астам ірі және ұсақ ауылдар бар. Жергілікті билік бірінші кезекте аудан орталығы мен Восток, Железнодорожный және Октябрь ауылдарында су тарату желілерін қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр. Мақұлданған тағы төрт жоба бар. Екі жыл ішінде Қарасу ауданындағы 12 ауылға су құбыры тартылмақ. 18a30db1-6b10-4fe0-b89d-496e5a8ecf7e«Кейбір елді мекендерді тасымалданатын сумен қамтамасыз ету үшін осы жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен сыйымдылығы 7,5 текше метр екі су тасығыш сатып алынды. Бүгінге дейін ауылдарды сумен қамтамасыз ету жұмыстары пысықталды. Келешекте елді мекендерге су тарату пунктері орнатылмақ. Яғни, сыйымдылығы 3 текше метрге дейін жететін қондырғылар қойылады», – дейді Қарасу ауданы ТКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің басшысы Әділхан Ахмеров.
Қостанай облысында жыл соңына дейін 15 ауыл таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл жұмыстар 2025 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓