Трактор бөлшектері шығарылады

Қостанайда  трактордың пластик бөлшектері шығарылады. 15bbabdf-5006-49b8-b92d-76c6cf7ecd3eБылтыр мұнда трактор зауыты ашылып , 500 тұрақты жұмыс орны құрылған еді. Жаңа зауыттың ашылуына Үкімет басшысы қатысты. Ол  елордада «Петербург трактор зауыты» АҚ директоры Сергей Серебряковпен кездесу өткізіп, ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Қазақстанда «Кировец» тракторлары өндірісін дамыту перспективалары талқыланған-ды.  Сөйтіп, женргілікті кәсіпорын  «Кировец» тракторларына арналған доңғалақ бөлшегін, газ шығаратын түтіктің қорғаныс қаптамасын, аккумулятор батареясының қақпағы және басқа да пластикалық бөлшектерді шығаратын болды.
«Жобаны іске асыру мақсатында мамандар Петербург трактор зауытында оқытудан өтті. Болашақта пластикалық бөлшектердің жергілікті өндірісіне толықтай көшу, оның ішінде ең күрделі болып саналатын капот өндірісін ұйымдастыру көзделген. Қазақстандық қамтуды ұлғайту үшін кәсіпорынның меншікті инвестициясы тек бірінші кезеңде ғана 85 млн теңгені құрады. Осыдан бірнеше күн бұрын Қостанай трактор зауытының техникасын құрастыру учаскесінің бастығы, алты темір ұстасы және шебер бригадир Санкт-Петербургтен оралды. Петербург трактор зауытының қабырғасында бір ай бойы өткен оқу қостанайлық мамандардың мүмкіндіктерін түбегейлі өзгертті»,  – дейді кәсіпорын басшылары.
Жалпы, Қостанайдағы трактор зауыты жылына 500-ден 700-ге дейін алып тракторларды құрастырады. Жоба инженері Дмитрий Гайдардың айтуы бойынша, мұнда ПТЗ өкілдерімен бірге жасалған арнайы қалыптау матрицалары қолданылады, олардың сапасы да, бөлшектері де Санкт-Петербургте жасалған бұйымдардан ешбір ерекшелігі жоқ. Ең бастысы, енді пластиктен қажетті бөлік сынған немесе ауыстырылған кезде Ресейге өтініш жіберудің қажеті жоқ, мұндай жағдайлар өндіріс ошағында бір аптаның ішінде шешімін табады

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓