85 адамнан КВИ табылды

28 қарашада Қостанай облысында 85 адамнан коронавирус табылды. Бір тәулік ішіндегң сырқаттанудың өсу қарқыны 1,7%-ға тең болды. ковидІндетке Қостанай қ. – 42 адам, Рудный қ. – 19, Жітіқара ауданында – 10, Лисаковск қ. –  6, Қостанай ауданында – 2, Қарабалық ауданында – 2, Қамысты ауданында – 2, Сарыкөл ауданында – 1, Б.Майлин ауданында 1 адам шалдықты. 
62 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 16 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 4 адам профилактикалық мақсатта, 3 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексерілген. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 57 адамда аурудың белгілері болды, 28 адам симптомсыз түріне шалдыққан.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 28 қараша аралығында COVID-19-ды  5213 адам жұқтырып, 3860 адам емделіп шыққан.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓