Аурухана шатыры жөнделуде
Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғандай, 9 қараша күні кешкі 18.30 шамасында Федоров ауданының орталық ауруханасының шатыры өртенген болатын. Жергілікті атқарушы орган өкілдері ғимарат төбесі от шарпыған материалдардан тазартылып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.


«Нысанды қалпына келтіру жұмыстары өрт сөндірілген кезден басталды. Аурухананың үшінші қабатындағы жабдықтар мен жиһаздар басқа орынға көшірілді. Келесі күні өз еркімен көмекке келгендер көп болды. Екі күнде алпыс-жетпіс адам жұмыла жұмыс істеді. 10 қарашада шатырды күл-қоқыстан тазалап, төбедегі бетондарды алып, жөндеуге дайындап қойдық. 13 қараша күні шатырды қайта тұрғызу жұмыстары басталып кетті», – деді Федоров ауданы әкімінің орынбасары Рамиль Валеев.

