Жас мамандармен толықты

Рудный көпсалалы ауруханасының ұжымы 12 жас маманмен толықты. Емдеу мекемесіне кадр тарту мәселесі жыл сайын өтетін бос орындар жәрмеңкесі арқылы шешіліп отыр. 60691db2-0d84-4a7f-9253-4cb9072ceb7c«Облыс әкімдігі резидентурада білім алған көптеген маманның оқу ақысын төлеп, бітіргендердің бір бөлігін Рудныйға жіберді. Соның арқасында биыл штатымыз бірден 12 маманмен толықты. Оның ішінде екеуінің ғана еңбек өтілі бар. Бізге жетіспейтін акушер-гинеколог, терапевт, невролог, рентгенолог сияқты мамандар келді», – дейді Рудный қалалық көпсалалы аурухананың бас дәрігері Талғат Қайкенов.
Оның айтуынша, облыс әкімінің грантымен оқып жатқан кардиологтар да кеншілер қаласын бетке алуы тиіс. Олардың оқуы бес-алты айда бітеді.
Жергілікті билік жаңадан келген жас мамандарға пәтер, 1 млн теңге көлемінде көмек қаржы береді. dcd275fc-8132-45e6-9b49-ee9f5eebddbc«Қыркүйектен бері жұмысқа кірісіп, ұжымға сіңісіп кеттім. Қызметім медицинаның барлық саласымен тығыз байланысты. Мұнда жұмыс істеуге барлық жағдай бар», – дейді еңбек жолын биыл ғана бастаған УДЗ дәрігері Гүлбаршын Бабасова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓