Облыс әкімінің есебі тыңдалды
Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Тобыл өңірі тұрғындарының алдында есеп берді. Облыстық филармонияда өткен жиынға тұрғындардан өзге жергілікті билік, құзырлы мекемелер мен БАҚ өкілдері қатысты. Айтулы шара барысында 2015 жылдың жұмыс қорытындысы тыңдалып, үстіміздегі жылдың жұмыс жоспары әңгіме арқауына айналды. Жиын соңында, аймақ басшысы қостанайлықтарды алаңдатқан сауалдарға жауап берді.
Аймақ басшысының облыс тұрғындары алдындағы есебін «Қазақстан-Қостанай» телеарнасынан бүгін (24.02.2016) сағат 22:00-де көре аласыздар. Сондай-ақ, облыс әкімі есебінің негізінде жазылған сараптамалық мақаланы «Қостанай таңы» газетінің жұма күнгі санынан оқисыздар.