Жеткіншекті мас қылғаны үшін…
Әулиекөл аудандық соты 33 жастағы азаматшаға қатысты әкімшілік істі қарады. Ол 17 шілде күні, шамамен, сағат 21.00-де Әулиекөл ауылының Приозерный көшесі бойындағы әлдебір үйдің ауласында 1999 жылғы жеткіншекті ес-түссіз мас болғанынша арақ ішуге көндірген. Осылайша, айыпкер әкімшілік жазаға тартылып, 29 694 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.