Партиялық тізім іріктелді

Қостанай қалалық мәслихатына «Nur Otan» партиялық тізімі іріктелді.Олардың барлығы праймериздің бірінші кезеңінің қатысушылары. «Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалы конференциясының 70 делегаты партиялық тізімге дауыс берді. Сондай-ақ, облыс орталығы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасы бекітілді.
IMG-20201112-WA0054
Қалалық мәслихаттың партиялық тізіміне 30 нұротандық енгізілді, олардың 30% – әйелдер және 16,7% – жастар. Өкілдердің орташа жасы 47 жасты құрады. Тізім қалалық өкілді органда 1 орынға 2 адам қағидаты бойынша қалыптасты. Партиялық тізімге шағын және орта бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ, спорт, өнеркәсіп, квазимемлекеттік сектор салаларының өкілдері енгізілді. Облыс орталығы бойынша праймеризге барлығы 86 адам қатысты. Олар сайлаушылармен 300-ден астам кездесу өткізіп, 167-ден астам ұсыныс жинады.
IMG-20201112-WA0053
Конференция делегаттарының дауыстары үшін облыстық мәслихаттың партиялық тізіміне қосылуға 22 үміткер бақ сынасты. Пікірталас барысында олар тұрғын үйдің қолжетімділігі, жолдарды жөндеу, халықты әлеуметтік қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және ТКШ деңгейін арттыру мәселелерін көтерді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қостанай қаласынан 11 адам Қостанай облысының мәслихатына «Nur Otan» партиясының тізіміне енгізілді. Сонымен қатар, аймақтық конференцияға делегаттар сайланды.
Праймериздің кезекті кезеңі – партия конференциялары осы аптада басталды. 10-12 қараша аралығында Қостанай облысында партияның 20 аумақтық филиалында конференциялар өтті, онда жергілікті мәслихаттарға партиялық тізімдер анықталды. Бұған дейін 7 қарашада облыс бойынша 263 бастауыш партия ұйымдарында жиналыстар өткізілді.
Аймақ бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттардың және Мажілістің «Nur Otan» партиялық тізімдеріне қосылуға үміткер 100 праймериздің қатысушысы пікірсайысқа қатысты. Оларға 1000-нан астам делегат дауыс берді.
IMG-20201112-WA0052
Қалалық және аудандық пікірсайыстардың жеңімпаздары 17 қарашаға жоспарланған облыстық конференциядағы пікірсайыстарға қатысатын болады. Өңірлік конференцияның қорытындысы бойынша Қостанай облысынан Мәжіліс сайлауына «Nur Otan» партиясының тізіміне енетін праймериз кандидаттары анықталмақ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓