Қоғамдық бақылауды күшейту керек
Бүгін Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімованың төрағалығымен ІХ облыстық Азаматтық форумның қорытындысын шығару бойынша кеңес өтті. Оған облыстық басқармалардың басшылары және онлайн режимде қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Отырыстың модераторы "ГрИн" Қостанай облысының Азаматтық альянсы " ҚҚ төрайымы Динара Өтебаеваның айтуынша, жыл басынан бері облыстың үкіметтік емес ұйымдары 30-дан астам қайырымдылық акцияларын, 50-ден астам онлайн диалог алаңдарын өткізді, мекемелермен, бизнес қауымдастықпен өзара қарым-қатынас орнатылды. Бұл "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидаттарын тиімді енгізудің және мемлекеттің, бизнес пен ҮЕҰ-ның өзара тиімді ынтымақтастығын құрудың үлгісі болды.
–ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың жемісті өзара іс-қимылының арқасында оның алаңдарында азаматтық қоғам институттарымен жұмыс істеу үшін бірқатар жаңа тәсілдер мен платформалар қалыптастырылды, ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдау тетіктері, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар кеңейтілді, Қоғамдық кеңестер енгізілді, көппартиялы Парламенттің жұмысы қамтамасыз етілді, "ашық үкіметті" қалыптастырудың құқықтық негіздері қаланды, – деді "ГрИн" Қостанай облысының Азаматтық альянсы " ҚҚ төрайымы Динара Өтебаева.
9 қарашадан бастап форумның диалог алаңдарында азаматтық секторды қолдау мен дамытудың өзекті тақырыптары талқыланды. Алаңдардың жұмысы барысында Қостанай облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Екатерина Смышляева, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлмира Қапенова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай филиалының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Татьяна Зуева және "ел Ертені" ЖҚБ төрағасы Болат Қалиев сөз сөйледі.
Сондай-ақ, облыстық форумда ҮЕҰ өкілдерінің салалық басқармалармен кездесулері өтті, бірнеше алаңдар өңірде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру проблемаларына арналып, олар мемлекеттік органдармен және ҮЕҰ-мен талқыланды.
Шара барысында орталық деңгейде шешімді талап ететін мәселелерді талқыланды. Қоғамдық бақылаудың мемлекеттік институттар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің тиімділігіне мен сипаты уақыт талаптарына және халықаралық практикада қабылданған стандарттарға әлі де сәйкес келмейтін көрінеді. Осы ретте облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Қапенова қоғамдық бақылауды күшейту керек екенін атап өтті.
–Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қоғамдық бақылау институтын іс жүзінде іске асыру үшін тиімді институционалдық-құқықтық негіз қалыптастырылды. Бұл ретте Ұлт жоспары – Мемлекет басшысының 100 нақты қадамы, атап айтқанда, транспарентті және есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға бағытталған бесінші реформа үлкен рөл атқарды. Мемлекеттік басқару органдарының жұмысын бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді, ол сыртқы тәуелсіз аудиттің міндеттілігі, жариялылық, қоғаммен кері байланыс, басшылардың дербес жауапкершілігі қағидаттарына негізделеді. Елімізде халықтың шешім қабылдауға қатысуын және еліміздің азаматтарының құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету міндетін шешуге арналған бірнеше институционалдық құрылымдар табысты жұмыс істеуде. Біздің мемлекетімізде қоғамдық бақылауды заңнамалық регламенттеу тұтас алғанда азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін одан әрі табысты дамыту мен жақсартудың, мемлекеттік органдар жұмысының "ашықтығын" қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Атқарушы билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылау институтын қалыптастыру азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру бойынша Мемлекет Басшысы қойған міндетті іске асыру үшін пәрменді шаралардың бірі болады деп ойлаймыз, – деді облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Қапенова.
Сонымен қатар, "Ел Ертені" ЖҚБ төрағасы Болат Қалиев «Еріктілер жылы» аяқталса да, Форум бұл бағытта әлі де көп жұмыс бар екенін атап өтті.
– Менің ойымша, бүгінгі таңда ең маңызды тақырыптардың бірі – форумның ауқымы мен мазмұнын Кеңейткен еріктілік тақырыбы. Тәжірибе алмасу барысында ҮЕҰ азаматтар арасында белсенділікті арттыру, жұмысты ұйымдастыру, оң нәтижелерге қалай қол жеткізу туралы ақпарат алды, – деді Болат Қалиев.
Кеңес қатысушылары бүгінгі күні қоғамдық кеңестерді қалыптастыру кезінде әрқашанда стратегиялық, гендерлік және жас ерекшеліктері қолданылмайтынын атап өтті. Көптеген қоғамдық пікір көшбасшылары қолданыстағы конкурстарға қатыспайды. Осыған байланысты форум қатысушылары қоғамдық кеңестерді қалыптастыру ережелерін қайта қарауды, сондай-ақ конкурстан тыс процедуралардан тәжірибелі қоғам қайраткерлерін қатысуға шақыру үшін 30% квота енгізуді ұсынды.