Портал – кәсіпкерлер көмекшісі

Кәсіпкерлерді қолдау үшін құрылған Infokazakhstan.kz электронды порталында 18 мыңнан астам өтінім мақұлданды.Без названия (5)
Бұл портал арқылы бизнес өкілдері санитарлық нормаларына сәйкестік акті негізінде өз қызметтерін қайта жандандыра алады, ол үшін сол актіні нысанға кіреберісте көзге шалынатын жерге іліп қоюы шарт.
"Баршамызға белгілідей, карантиндік шектеулерге байланысты анағұрлым қиын ахуалға бөлшек сауда саласындағы, тұрмыстық және өзге де қызмет көрсету мекемелер душар болды. Жылжымайтын мүлік операциялары, жолаушылар көлігі саласын да мұндай жағдай айналып өткен жоқ. Қоғамдық тамақтану нысандары көрген шығындар да қомақты, оның ішінде мейрамханалар халі мәз емес. Статистика органдарының мәліметінше, ұзын саны 24 мың шағын және орта бизнес нысандары карантин құрсауында қалған", – деп түсіндірді облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басшысы Олжас Сапарбеков.125214714_753339385263390_3333377547244576187_o
Жалпы, қазіргі уақытта Infokazakhstan.kz порталына 23 477 өтінім жолданған, оның ішінде мақұлдаудан өткендері – 18 472.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓