COVID-19: +53
12 қарашада Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 53 адам жұқтырғаны анықталды. Атап айтқанда, Қостанай қ. – 29 адам, Рудный қ. – 8, Арқалық қ. – 2, Әулиекөл ауданында – 4, Федоров ауданында – 4, Қостанай ауданында – 2, Жітіқара ауданында – 2, Қамысты ауданында – 1 және Сарыкөл ауданында 1 адам дертке шалдыққан.
34 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 11 адам эпидқадағалау мақсатында, ауруханаға жоспарлы жатқызудың алдында, 8 адам коронавирус инфекциясы расталған адаммен байланыста болған күдікті ретінде тексеріліп, барлығына осы кесел диагнозы қойылды.
Індет жұқтырғандардың ішінде 33 адам аурудың симптомды, 20 адам симптомсыз түріне ұшыраған.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 12 қараша аралығында COVID-19 індетін жұқтырған 4160 адам тіркелді, 3356 адам емделіп шыққан.