Өкпе құртын емдеуге 3 млрд теңге бөлінді

Жыл сайын әлемде 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні атап өтіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мұрындық болуымен өтетін дәстүрлі шара биыл “Туберкулезді жою, сырқаттарды толық емдеп жазу” деген ұранмен өтпек.тубер2
Қазақстанда туберкулез тегін емделеді. Туберкулездің алдын алу, анықтау мен емдеу кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде жүргізіледі. 2019 жылы Қостанай облысында аталған дертке шалдыққан азаматтарды емдеу мен әлеуметтік көмек көрсетуге мемлекеттік бюджеттен  2,9 млрд теңге бөлінді. Ресми статистикаға сүйенсек, 2018 жылы өңірде 2186 пациент диспансерлік есепте тұрған болатын (оның 930 туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар). Оның ішінде 515 адам пациенттер қатарына жаңадан қосылғандар.
Дер кезінде анықталып, тиісті ем-дом жасалса туберкулезді толық емдеп жазуға болады. Сондықтан ауруды асқындырмай, емдеуші дәрігердің нұсқауларын орындаудың маңызы зор. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2000 және 2016 жылдар аралығында туберкулезді ерте анықтау мен емдеу нәтижесінде әлем дәрігерлері 53 миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалған.
Туберкулездің қарапайым түрін емдеуге шамамен 6 айға жуық уақыт кетеді. Қазақстанда бұл ауру интеграцияланған бақылау стратегиясы бойынша емделеді. Бақылаудың бұл түрі туберкулездің жабық түрімен ауыратын науқастардың емханада амбулаторлық ем қабылдауына мүмкіндік береді.
Туберкулездің алдын алу үшін емханада тұрақты тексеруден өтіп тұру қажет. Тексеру мен екпе егу кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде тегін жүргізіледі:
•БЦЖ вакцинасы – туғаннан кейін бірнеше күн ішінде салынады;
•7 мен 14 жас аралығында БЦЖ-дан ревакцинация жасалады (екпе екпес бұрын – Манту сынамасын салып, ағзаның реакциясын тексереді);
•флюорографиялық скрининг (ересектерге, жыл сайын);
•көрсетілімдер болса: рентгенография жасау.
С.АЙМҰХАМБЕТОВА
“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ
Қостанай облысы бойынша филиалының директоры

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓