Бірлік күні: Қостанай қалай тойламақ?

1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында Қостанай қаласында өтетін іс-шаралар жоспары белгіленді. Бұл туралы ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жариялады.бирлик
27 мамыр:
– А.С.Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында сағат 14.00-де "Жүректерді бірлік тоғыстырған" атты мерекелік шара.
28 мамыр:
– Гашек көшесі, 12/1 мекенжайындағы аула клубында сағат 12.00-де "Біз бір отбасымыз" атты байқау-ойын-сауық бағдарламасы;
– "Мирас" МҮ-де 13.00-де Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ" фестивальді концерттік бағдарлама;
– Балалар шығармашылық мектебінің холында "Бір ел! Бір тағдыр! Бір халық!" балалар ұлттық шығармашылық шығармашылығы фестивалі.
29 сәуір:
– Қалалық техникалық шығармашылық мектебінің фойесінде сағат 15.00-де тасжол моделизмі бойынша жарыс өтеді.
30 сәуір-1 мамыр:
– Сурет мектебіне көрме қойылады.
1 мамыр:
– Қала орталығында сағат 12.00-де ұлттық алкогольсіз сусындар көмесі ұйымдастырылады;
– Қала орталығында сағат 12.00-де "Әлем бояулары" пленэрі өтеді;
– Қала орталығында сағат 12.00-де "Би өнері – әлемнің рухани елшісі" атты Қазақстан халқының ұлттық билері шеруі өтеді;
– Қала орталығында сағат 13.00-де "Орамал – ұлттық мәдениеттегі әйел сұлулығының нышаны" музыкалық-этнографиялық мерекесі өтеді;
– Қала орталығында сағат 14.00-де "Туған жер – туған ел. Бір халық – бір ел" концерттік бағдарлама болады;
– Қала орталығында сағат 15.00-де тоғызқұмалақтан қалалық турнир ұйымдастырылады.
1-3 мамыр:
-Теннис орталығында үстел теннисінен ашық қалалық турнир өтеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓