Журналистер – жақсы достар

Жуырда облыс әкімі Нұралы Садуақасов Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында өңіріміздің бір топ журналистер қауымының басын қосып, тұңғыш рет Медиа форум өткізді. Салтанатты игі шараны ұйымдастырған облыстық ішкі саясат басқармасы Елбасы саясатын және өңірдің хал-ахуалын, тыныс-тіршілігін теледидар мен баспасөз беттерінде насихаттап көрсетіп, жанары жазудан шаршамайтын жалынды журналис-терді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, сый-сияпат жасады.
IMG_52902– Қызығы мен шыжығы мол, үнемі қарама-қайшылықта жүретін журналистер қауымын бүгінгі кәсіби мерекесімен құт-тықтай отырып, шығармашылық табыс ті-леймін! – деді Нұралы Садуақасов. – Дүр-мегі көп дөңгеленген дүниені дүр сілкінді-ретін жаңалыққа толтырып, асқан ізденім-паздылықпен, мол жігер-қайратпен билікті бұқара халықпен жақындастыра түсіп, көпір болатын Сіздердің еңбектеріңізді әрқашанда бағалаймыз, – деп бірқатар жорналшыларды әртүрлі номинациялар бойынша сыйлықпен марапаттады.Солардың ішінде облыстық "Руханият" сыйлығымен "Қостанай таңы" газетінің Директор-Бас редакторы Жанұзақ Аязбеков, "Кәсібіне адалдық" сыйлығымен "Ақ Орда" авторлық телеарнасының студия редакторы Гүлжібек Бекмұхамедова, "Мерейлі отбасы" тележобасы ар-қылы осы атаулы сыйлықпен "Қазақстан-Қостанай" телеарнасының ұжымы атынан Болатбек Сәней, "Аймақтың дамуы – мемлекеттің дамуы" сыйлығымен республикалық "24.kz" телеарнасының облыстағы меншікті тілшілер тобы атынан Абылай Мауданов, Арқалық қаласының "Арқа дидары" телеарнасының бас редакторы Айткүл Бекентай "Кәсіп пен нәсіп" сыйлығын алса, "Құқықтық мемлекет" номинациясы бойынша "Қостанай-Агро" газетінің бас редакторы Ләззат Шуленова, "Жігер" сыйлығымен "Шамшырақ-Маяк" газетінің жігерлі жорналшылары Жанар Қасымова мен Айнагүл Оспанова марапатталды.
Осыдан бірнеше жыл бұрын қазақ журналистикасының негізін қалаушы жерлестеріміз Мұхамеджан Сералин және Бейімбет Майлин атындағы арнайы сыйлықтар тағайындалған болатын. Міне, биыл сол марапаттардың қатарына облыстық мәслихаттың шешімімен қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш жорналшы Нәзипа Құлжанова атындағы арнайы сыйлық табыс етілді. Оны об- лыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Ещанов Жанкелдин аудандық "Біздің Торғай" газетінің редакторы Гүлім Ысма-ғұлға тапсырды.
– Мұндай мәртебелі  сыйлықты журналистика саласында қызмет істеген ғұмырымда алғаш рет алып отырмын. Еңбегімді бағалаған жандарға алғысым шексіз.  Әкем журналист Мылтықбай Ысмағұлдың жолын одан әрі жал-ғай түсемін! – деді Гүлім Ысмағұл қуанышын жасырмай.
Бейімбет Майлин атындағы арнайы сыйлықпен ақын, ғалым, жорналшы Серікбай Оспанұлы марапатталса, Мұхамеджан Сералин атындағы жүлде облыстық "Костанайские новости" газетінің бас редакторы Сергей Харченкоға бұйырды.
Бұл Медиа-форумның тағы бір елең еткізер жаңалығы – ардагер қаламгерлерімізге де арнайы номинация бойынша сыйлықтар тапсырылды.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин құттықтау сөзінде өмірлік мол тәжірибенің арқасында еңбегімен, ізденімпаздылығымен, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін жорналшы қауымның ардагерлер өмірін насихаттаудағы еңбегіне тоқтала кетті.
– Ата-бабаларымыздың: "Сөз тас жарады, тас жармаса, бас жарады", "Өнер алды – қызыл тіл" деп тәмсіл қалдырып, "Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен". Сіздердің шығармаларыңыздағы осы өткірлік, шынайылық ешқашанда жоғалмасын! Басылым беттерінде ардагерлер өмірінен насихаттаған шығармаларыңыз-ға құрметпен қараймын! Қаламдарыңыз қарымды, ойларыңыз алымды болсын! – деп Кенжебек Укин жылы лебізін білдірді.
Қасымхан Алдабергенов, Жолбарыс қажы Баязид, Ғайнижамал Бердалинова, Владимир Баранов, Жайберген Болатов, Ольга Кунгурова сияқты бір топ қаламгер ардагерлеріміз марапатталып, сыйлыққа кенелді.
Осынау Медиа-форумда біздің газет қызметкерлерінің де еңбегі аталып, сыйлық тағайындалды. Облыстық Қазақстан    халқы Ассамблеясының арнайы сыйлығы бас редактордың орынбасары Сәлім Меңдібайға, Қазақстан Журналистер одағының сыйлығы тілші Қарлығаш Оспановаға тапсырылды.
"Қазақстанның құрметті журналисі" атағы бұл жолы әріптесіміз, "Қазақстан" телерадиокорпорациясы облыстық филиалы директорының орынбасары Күлтәй Әбдірахмановаға берілді.
Барша сән-салтанатымен өт-кен Медиа-форумды ұйымдас-тырған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жанділдә Мақанов:
– Бұл форумның біздерге бергенінен берері мол екендігін бүгін байқадық. Бір-бірімізбен арқа-жарқа әңгімелесіп, пікір алыстық. Болашаққа деген жоспар қойдық. Келешекте бұл дәстүр жалғаса беретініне өз басым сенемін! Еңбектеріңіз еленіп, шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін! Тәуелсіз еліміздің іргесін берік, тұғырын биік етуге бірден-бір үлес қосатын Сіздерсіздер! Сол жолда барлығымыз бірлесіп еңбек етейік, – деді форумды түйіндей отырып.
 
* * *
Сол күні облыстық прокуратура, облыстық сот басшылығы да қаламгерлерге құрмет көрсетті. 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
СУРЕТТЕ:Медиа-форумға қатысқан журналистердің бір тобы.
Облыс әкімі Н.Садуақасов Медиа-форумда

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓