Шпроттардан қауіп жоқ

Өткен жылдың 12 маусымынан бастап еліміздің бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің Қаулысымен Қазақстан аумағынан латвиялық шпроттарды әкелуге және сатуға уақытша санитарлық шаралар енгізілген болатын. Өйткені, отандық мамандар қалбырдағы шпроттардың құрамында адам ағзасына зиянды заттар бар деп дабыл қаққан еді. Міне, содан бері латвиялық шпроттардың құрамы жан-жақты тексеріліп, нәтижесінде адам ағзасына ешқандай қауіп жоқтығы дәлелденген.shproty-v-masle
Облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, еліміздің бас санитарлық дәрігері бұрынғы шығарған шешімді алып тастауға Қаулы еткен. Сол себепті, санитарлық мамандар тұрғындарға енді төмендегі мына өнімдерден адам денсаулығына еш қауіп жоқ деп ескертеді:21090
1.Шпроты в масле “Либава”, 160 г, 240 г (өндіруші “Kolumbiya LTD” ЖШҚ, Лиепая қ.);
2.“Шпроты в масле”, 160 г (өндіруші “Званы” ЖШҚ, Рига қ.);
3.“Рижские шпроты в масле “Либава”, 240 г (өндіруші “Унда” ЖШҚ, Энгуре пос.);
4 “Рижское золото” шпрот паштеті, 160 г, (өндіруші “Гамма А” ЖШҚ, Рига қ.);
5. “Шпроты крупные в масле “Рижская жемчужина”, 160 г (өндіруші “Roja” F.C.T” ЖШҚ, Рига қ.);
6. “Шпроты в масле” 160 г (өндіруші “Куршу Земе” ЖШҚ, Церибас қ.).
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓