Шекара бекеті бақыланды
Қостанай облысы ПД бастығы Бекет Аймағамбетов Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның пайда болуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың орынбасары ретінде "Қайрақ" шекара бекетіне жақын орналасқан санитарлық бекеттің жұмысын тексерді. Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысы вирустың таралуы бойынша қызыл аймаққа енді.
Бұл бекет арқылы елімізге таяу шетелдерден жүктер жеткізіледі. Сондықтан осы аймаққа ерекше назар аударылып отыр.
Мұнда күніне 300-ден астам жүк көлігінің жүргізушілері ПТР сынақтарынан өтеді. Мұндай жұмыс өзінің тиімділігін дәлелдеді: бір күнде мұнда аурудың 2-3 жағдайы анықталады және жұқтырғандарды оқшаулау бойынша шаралар қабылданады.
Бекет Аймағамбетов шекара маңындағы дәмханалар мен кемпингтерде мониторингтік топтардың жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.
– Жол бойындағы дәмханаларда барлық карантиндік шаралардың сақталуын тексеру маңызды, өйткені вирустың таралуы мүмкін. ПТР тест тапсырып, ары қарай жүретін Қазақстандық жүргізушілер келеді. Егер олардың нәтижесі оң болса, онда оларға жол бойындағы нәтиже хабарланады және олар карантинге жіберілуі керек. Қырғызстанның, Ресейдің басқа елдерінің жүргізушілері шекараға тестпен келуі тиіс, – деді Бекет Аймағамбетов.ПД бастығы санитарлық бекеттің жабдықталуы, қорғаныс құралдарымен және қызмет жағдайымен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды.
Қарабалық ауданының әкімі Нұржан Өтегенов хабарлағандай, аумақта 13 ауылдық округ орналасқан, олардың кейбіреулері Челябі облысының үш ауданымен шектеседі.
– Қазіргі уақытта Смирнов ауылында бірнеше отбасы ауырып қалды. Қазір жағдайды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдануда. 10 қарашадағы жағдай бойынша ауданда 12 науқас бар, – деді Н. Өтегенов.