Полицейлер өртті ауыздықтады
Арқалық қаласының тұрғындары көп қабатты үйлердің бірінде орын алған өртті ауыздықтағаны үшін полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді. Нақтысында, Наталья Лысая жанып жатқан пәтерден адамдарды эвакуациялауға көмектескен полиция қызметкерлеріне алғыс хат жазды.2020 жылғы 9 қарашада "102" пультіне А.Байтұрсынов көшесіндегі көп қабатты үйдің екінші қабатында пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына полиция сержанты Бейбіт Аслан мен полиция капитаны Алиса Бисембаева дереу жеткен. Олар өрт сөндіру бригадасы келгенше тұрғындарды кіреберіс арқылы қауіпсіз жерге көшіре бастаған. Осы кезде Наталья Лысая пәтерде ағасы ұйықтап жатқанын хабарлайды. Полицейлер екінші қабатқа көтеріліп, түтін мен өртке қарамастан ер адамды іздей бастайды. Бірнеше минут ішінде тәртіп сақшылары оны тауып алып, сыртқа шығарған."Өрт басталған кезде мен қатты қорқып, дереу далаға жүгірдім, ол кезде ағам үйде ұйықтап жатқан болатын. Кейін оның өзі шыға алмайтынын түсіндім, өйткені өрт күшті болды. Полицейлер айтқан соң олар лезде көмекке жүгірді, өз өмірлерін қауіпке тікті десе де болады. Бұл – өте батыл әрекет. Біздің қызметкерлерге зор рахмет, – дейді Наталья Лысая.Өрт ауыздықталғаннан кейін полиция қызметін жалғастыруға кетіпті. Өрттің шығу себебі анықталуда.