Зымыран қалдықтарына жер беріледі

Жанкелдин ауданы аумағынан зымыран қалдықтарын құлату үшін 76 мың гектар жер 3 жылға берілетін болып шешілді. Бұл туралы оқиға орнынан "Қостанай таңы" тілшісі хабарлады.министр
Бүгін Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және ғарышкер Айдын Айымбетовтің қатысуымен мәжіліс басталғанын айтқан болатынбыз…
Жиын қорытындысы бойынша, ауданға қарасты Шөптікөл мекенінен Ресейдің зымыран қалдықтарын құлатуға жер берілетін болды. Басшылықтың айтуынша, қалдықтар белгіленген жылдар ішінде 8 рет құлайды. Сондай-ақ, аудан бюджетіне жыл сайын 151 млн теңге қаржы аударылып отырмақшы. Ал іргесіне қалдық тасталатын Ақкөл мен Қарасу ауылдарына жедел жәрдем көліктері бөлініп, ауызсу тартылады. Таяу келешекте сол жердегі көпірді жөндеуге де уәде беріліп отыр…халк
22323304_1896214127373458_729519418_nАқпарат толығырақ газеттің алдағы санына жарияланатын болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓