РИИ үздіктер қатарында

ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамының республика бойынша бас рейтингісі жарияланды. Аталмыш тізімге енген 50 үздік оқытушының қатарында Рудный индустриялық институтының ректоры, профессор Әбдірахман Найзабеков те бар. Ол 30-орынға тұрақтаған.РИИ
Ал ЖОО білім беру бағдарламалары бойынша институттың «Пайдалы қазбаларды байыту» және «Тау-кен ісі» мамандықтары үздік үштіктің қатарына кіріп отыр.
Бас рейтинг 4 негізгі индикатор бойынша жүргізіледі. Олар «Талантты студенттер, оқытушылар мен зерттеушілердің көп шоғырлануы», «Академиялық ұтқырлық», «Түлектердің бәсекеге қабілеттілігі» мен «Мамандықтар бойынша оқытушылардың ғылыми жарияланымдарының үлесі».
Айта кетейік, Рудный индустриялық институты – Солтүстік Қазақстан аумағындағы тау-кен және металлургия саласы үшін инженерлік техникалық мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны. Қаржылық дағдарысқа қарамастан институт түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 90 пайыздан кем түспей келеді.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓