Баға бақылауда, дегенмен…

сайт 2
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан жылдағы жоспарлы шараларға сәйкес, күнделікті баға мониторингі, бағаны негізсіз көтермеу жөнінде жеке кәсіпкерлер мен компаниялар басшыларымен кездесулер мен келіссөздер жүргізіліп жатса да, баға әлі де ала-құла. Осыған орай бейсенбі күні облыстық ауыл шаруашылық басқармасының мамандары тілшілермен бірге ірі сауда нүктелерін аралады.
Алдымен облыс орталығындағы ірі сауда орны «Астықжанда» болып, мұнан кейін «Солнечный», «Раузет», нан өндіретін «Коваленко» шаруа қожалығының наубайханасын аралап көрді. 
-Қостанай облысы бойынша 145-тен астам наубайхана жұмыс істейді. Олардың өнімдері Қостанай облысына жеткілікті. Қазіргі таңда біздің өңірде 1 миллионнан артық нан өнімдерін өндіреді. Қостанайда нан бағасы 82-87 теңгенің арасында. Қазір «Астықжанда» өздеріңіз нанның қаншаға сатылып жатқанын көрдіңіздер. Сондай-ақ «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясының сақтандыру қорына 1 миллиард 432 миллион теңге қаржы бөлінген. Оның 200 миллион займ беру, 1 миллиард 232 миллион теңге сақтандыру қорын толықтыруға бөлініп отыр. Әлеуметтік маңызы бар 14 тауардың 10-ның бағасы 10-15 пайыз төмен. Мен ойлаймын бөлінген қаражат біздің облыста бағаны тұрақтандыруға жеткілікті деп ойлаймын, – деп түсінік берді облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығының орынбасары Төлеутай Ержанов.
сайт1
Әлеуметтік сұранысы жоғары нанның бағасы бүгінде 82-87 теңге аралығында.

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓