Лисаковта өткен бауырсақ күні

сайт55
Қазақ халқының ұлттық тағамының бірі – Бауырсақ. Бауырсақтарды көбіне дөңгелек пішінде пісіруді жөн көреді, бірақ бұл жалғыз бауырсақ түрі емес. Олар үшбұрышты немесе төртбұрышты болып келеді. Ал ежелгі заманда «жол бауырсақты» жиі дайындайтын. Олар жолға шыққандар үшін асығыс дайындалды: қамыр ұзын шұжық түрінде жайылады, жай ғана қолдарымен бөліп, қайнаған майға пісірледі. Сондай-ақ ежелгі заманнан бері Бауырсақ қой майына ғана қуырылатын, соның арқасында олар жұқа майлы үлдірмен қапталған, ал ішінде әрқашан жұмсақ болып, өз дәмін ұзақ уақыт сақтаған.
Бұл іс-шара мақсаты – бауырсақты танымал ету, оны ұлттық брендке айналдыру.
сайт66
2020 жылдың 5 қараша күні Лисаков қаласының Құрметті азаматы Бақтылы Жүргенбайқызы Мұқатаева, Нұрманова Ғалия және Октябрь аулының мәдениет үйіндегі «Родные напевы» хорының мүшесі Ақтай Кеншібаева бауырсақ дайындаудағы құпияларымен бөліскен шеберлік-сыныбын өткізіп қана қоймай, бауырсақ түрлері туралы және бұл тағамға қоса дастарханға қойылатын тағамдардың мән-маңыздылығын айтып берді.
Аталмыш шарада онлайн қатысқан Патима Сулейменова, Тазакуль Умуртаева және Кнәз Әлменова апамыз өзінің хош иісіті, жұмсақ бауырсағынан дәм таттырды. Үйдегі әрбір аналарымыз бен қыз-келіншектер оларды анасынан қызына, қайын енесінен келініне берілетін бұрыннан келе жатқан дәстүр бойынша дайындайды. Бауырсақ күніне қатысушылардың ең жасы Марфуға Шомакова енесінің бауырсақ жасаудағы тәсілі бойынша онлайн-шеберлік сыныбын көрсетті. Красногорск аулының ұстаздар ұжымы да біздің шарамыздан тыс қалмай, өзіндік үлестерін қосты.
Шеберлік-сыныбында әзірленген бауырсақтар дайын болған кезде оны арнайы сөмкеге салып, Лисаков қаласының Жастар ресурстық орталығының еріктілері қала тұрғындарына, ал Октябрь ауылы тұрғындары үшін мәдениет үйінің қызметкерлері бауырсақтан дәм таттырды. Шеберлік-сыныбына қажетті азық-түлікпен қамтаасыз еткен «Весна», «Наурыз» дүкендеріне алғыс білдіреміз.
Лисаков қаласы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓