Басты құндылық – бірлік

Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» деген атаумен өтті. Өзі кезінде құрған Елбасы Н.Назарбаев жан-жақты талдау жасап, баршамызға түсінікті дәріспенен халықтың алдына шықты. Өз сөзінде Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясының жаңа жағдайда, жаңа заманда, жаңа уақытта бес талапты қойды. Бес талаптың ішінде өзімнің көңіліме қонған соңғысы. Ол көп этносты көп конфессионалды қоғамды біріктіретін тұрақтылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік тіл деп тағы бір мәрте баса айтқаны. Неге десеңіз, бүгінгі таңда біздің елімізде жетпістен астам пайызы негізгі ұлтты құрап отыр. Осы мемлекеттік тілге көңіл бөлуіміз керек, деп баса айтты Елбасы.
   Айтайын дегенім, 2018 жылы 20-қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының заңы қабылданды. Сол құжатта Ассамблеяның міндеті, мақсаты нақты көрсетілген. Мемлекетімізді бірлікке жеткізуде тұрақтылықты сақтауда қазақ халқының атқарушы рөлі жоғары болу керек деген еді. Осы жолы да Елбасы Н.Назарбаев пікірінен тайған емес. Сондықтан алда тағы да кездесулер болады. Онда ұсыныстар айтылатын болады. Облысымыздағы Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісімнің, мемлекеттік тілді үйренудің, «мен қазақстандықпын» деген патриотизмнің отансүйгіштіктің жасы мен этносына қарамастан үйлестіруші орталығы болады деген үміттемін.
    Алда Қазақстан халқының бірлігі күні. Бүгінгі шарадан жақсы толқын, жақсы әсер, мықты жігер алдық. Бізді ойландыратын, толғандыратын барымызға шүкіршілік жасай отырып, бірлігімізді, ынтымақтастығымызды, татулығымызды бұдан да жоғары деңгейге көтеруіміз керек. Қазіргі заман техниканың дамыған заманы. Үлкен реформалар жүріп жатқан уақыты. Біз бірлікпен негізінде ғана алға қойған мақсатымызға жете аламыз. Елбасы осы сессияда бірлікті нығайтуды баса айтты.    
      Қалқаман ЖАҚЫП,
      Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓