Үлкен үміт артылды

Қазақ тілі – ата-бабаларымыздың тілі, ел тарихының үні деп айтсам, қателеспеймін. Егер біз «жалғыз ағаш үй болмас, жалғыз жігіт би болмас» дегендей, барлығымыз «бір мемлекет, бір тіл» ұстанымына көшкенде ғана қазақ тілін ортақ қатынас тіліне айналдыра аламыз.
Қазақша енді үйрене бастаған замандастарымыздың кемшілігіне күлмеуіміз қажет және оларда тіл байлығым жетпейді, өзгелер күледі деген ойға берілмей, алға ұмтылса ғана нәтижеге қол жеткізеді. Өйткені іс жүрмесе, адам үйренбейді, ал қателіктер бізді үйретеді, шыңдайды. Болашағымыз бірлікте болғай!
Анель Пимичева,
Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» РЖҚ мүшесі,
татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшесі