Аулалар таза болуы керек

Қала көшелерінің, қоғамдық орындардың қоқыстарын жинауды  үлкен науқанға  айналдырғанда, аулаларды неге тазартпасқа? Жалпылай алғанда, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларының өзі қаншама жерді алып жатыр десеңізші. Бірнеше ондаған пәтерлердің тұрғындары күн сайын түрлі тағамдардың қалдықтарын аулаға тасымалдап жатады.
загруженное  Әрбір тұрғын үйдің ауласына қоқыстар салынатын темір ыдыстар (контейнерлер) қойылған. Әдепті адамдар пакет қалдық заттарды ұқыптап, қоқыс ыдысына салады. Салдыр, салақтардың ісі керісінше. Олар пакет толы қалдықтарды қоқыс ыдысына салуға ерінеді. Ыдыстың жанына  ұқыптап қойса, бір сәрі. Пакетті қалай болса, солай лақтырады. Ша-шылған  тағамдарды қаңғыбас иттер тұмсығымен тіміскілеп, төгіп тастайды.
Жекеменшік пәтер  иесі кооперативтері  осынау іске аса  жауапты. Тұрғындарға ескерту жасайтын  да солар. Дегенмен, олардың сөзін құлаққа ілмейтіндер көп. Мұнан кейін аула іші қоқыстарға толып кетеді.  
Қаланың  тазалығын  сақтау жолында  игі  істер  атқарып жүрген ұйымдар қоқыстар төгетін контейнер жұмысын назарға алуға тиісті. Мәселен, "Рабочая" көшесінің 139 үйдегі контейнердің сыртқы сиқы сын көтермейді. Оның жан-жағы қоршалмаған. Жертөлеге кіретін есік алды қоқыстарға толы. ("Бақыт-98" кооперативі, басшысы В.В.Гордиенко).
Сонымен қатар контейнерлерді орналастырудың өзі ерекше мәселе. Соларды орнықтыратын   қолайлы жерді таба білу керек. Алдымен контейнерлер балалар ойнайтын алаңнан белгілі бір қашықтықта алысырақ қойылғаны дұрыс. Тағы бір қойылатын талаптардың бірі – жаяу жүргіншілер жолына, автокөліктер  жүретін жолға байланысты. Себебі, күні-түні автокөліктер ағылып жүріп жататын аула жолына  контейнерлерді   қалай болса, солай қоюға болмайды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓