Санитарлық айлық жүріп жатыр

Жылдағы дәстүр бойынша қаланы қоқыстан арылтуға байланысты сенбілік айлығы басталды. Бұл шара қыркүйек айының  жиырма бесінен қазан айының жиырма бесіне дейін созылады. Сенбіліктің мақсаты – көшелерді қураған ағаш бұтақтарынан  және жапырақтардан тазарту.
434_de2fc841c4574d532791c2bad3dcc9d6–  Қостанай – еліміздің басқа  қалаларына қарағанда  сұлу қала. Оның әсемдігіне тазалығы жарасып жатса, қандай ғанибет,–  дейді   қала әкімі Ахмедбек Ахметжанов. 
Ахмедбек Масақбайұлы  қала  сұлу  болғанмен, аяқ астынан ластанатынын актив жиналысына қатысушылардың есіне салды. Айтса, айтқандай, солай болып та жатады. Мәселен, тамыз айында қала күні мерекесі  дүркіреп өткізілді. 
Дегенмен, тойдан кейін көшелер түрлі шашынды-қоқыстарға толып кетті. Бұл ненің әсері? Түптеп келгенде, санитарлық   тазалықтың талаптарын ескермейтіндер салақтыққа салынады. Таяқ тастам жердегі қоқыс салғышқа қолындағы қағаз немесе басқа да ұсақ заттарды апармай  асфальт үстіне лақтырады. 
Бүгінде айлық бойынша белгіленген шаралар жүзеге асырылуда. Игі іспен бес мердігерлік ұйым айналысуда. Олар – "Таза-Жол АТ", "Экол", "АБЗ плюс", "Тазалық 2012", " Вескор"  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.
Аталған ұйымдарға үлкен жауапкершіліктер жүктелген. Олар  тәуліктің түнгі уақытында көшелерді, жолдарды және саябақтарды, парктерді тазартады. Ауа райы құбылғанда, яғни жаңбыр жауса, тазалау ісі аптасына бір рет қана жүргізіледі.
Күндізгі уақытта да белгіленген шараларға байланысты жұмыстар атқарылады. Атап айтқанда, бордюрлердің шеткі жақтары және көпшілік жиналатын алаңдар қір,  қоқыстардан арылтылады. Ауқымды іске екі жүзден  астам адам жұмылдырылады.
Жұмысшылар Абай даңғылында, Гоголь, Дулатов, Пушкин, Баймағамбетов, Алтынсарин,Таран, Карбышев, В.Интернационал  көшелерінің белгі-ленген  тұстарында және  аэропорт-қа барар жолда,"КЖБИ" шағын ауданында болады.
Қоғамдық орындардың тазалығы ерекше ескеріледі. Сити орталығында, саябақтарда, "Жеңіс" паркінде бұл жұмыстар екі ауысымда жүргізіледі. Кешкі мерзімде кезекші бригада ұйымдастырылады. Олар күндізгі істерді жалғастырады. Қоқыстарды қаланың сыртына тасымалдайды.
Мердігерлік ұйымдардың қоқыс тасымалдаушы техникасы үзіліссіз жүріп тұрады.Олардың саны отызға дейін жеткізілген. Қала маңындағы елді мекендерге де тиісінше техника бөлінеді.
Бес мердігерлік ұйымның сыртында "Жасыл Ел" студенттер отрядынан санитарлық айлыққа сексен адам қатысады.
Биыл бульвар үлгісіндегі көгалдандырылған жетпіс төрт учаскені қалалықтар өздері күтімге алды. Бұған дейін жауапкершілігіне алған аудандар өздері оларды күтіп, баптайтын. Енді қала бюджетінен сексен миллион теңге бөлініп отыр. "Таза жол Ат" серіктестігі конкурста жеңімпаз атанып,  аумақтарды қарамағына алды. Олар учаскелердің қалыңдап өскен шөбін орып, гүлдер  отырғызды. Сапалы атқарылған істерге көңіл тояды. Тұрғындар тарапынан шағымдар бола қоймады.
Сенбілік мерзімінде  мердігерлік  ұйымдар  қажетінше техника бөле алады.Солармен қоқыстарды тасымалдауға мүмкіншілік туындайды.
Міне, күздің екінші айы туды. Бұл кезде ағаштардың жапырағы жерге әлсін,әлсін  үйіледі. Соған байла- нысты көшелер үйінділерге  толып кетеді. Қоқыстарды тасымалдау да қиындайды. 
 Ерекше ескеретін жағдай, канализациялардың жұмысы. Күзгі қоқыстардың көбеюіне байланысты канализацияларды тазарту көп қарекетті талап етеді. Сол себептен тұрғындар канализация ұңғысы кептеліп қалмауына назар аударуы керек.
Бұрыннан айтып келгендей, қалада үлкен екі сай бар. Бұлардың ұзындығының үлкендігі соншалық, олар қала  аумағына  созылып жатыр.  Ұзындығы алты шақырымнан астам. Үстіміздегі жылы сайларды тазартуға бюджеттен бес миллион теңге бөлінді.  "Әбіл Сай" (Автодом  аймағында)  тазартылды. Бесінші сәуір көшесі қиылысындағы және Баймағамбетов пен Қайырбеков көшелері шекарасындағы  "Қостанай–Сайын" да тазарту қолға алынды.
Әйтсе де,сайларға таяу салынған үйлердің иелері салдыр-салақтыққа салынады. Үйлердің маңы таза болуын  қаламайтындай күл, қоқыстарды сонда апарып төгеді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓