МАҚСАТ – нашақорлықтың алдын алу

Бүгінгі таңда, өкінішке қарай, қоғамда жастар мен жасөспірімдердің арасында есірткіге еліту, әуестену секілді өмірдің келеңсіз көріністері белең алып отырғанын жоққа шығармаймыз. Егер статистика мәліметтеріне сүйенсек, есірткі әлем бойынша жыл сайын 250 мың адамның өліміне себеп болып отыр. Ең алдымен мамандардың сөзімен айтсақ, осы салада жастар арасында  ағарту жолдары арқылы нашақорлықтың алдын алу, нашақорларды қоғамға қайтару жолындағы ақпарат құралдардың рөлі, есірткі өндіретін заңсыз егі-стіктерді жою, есірткі контрабандасымен айналысатын арналарды залалсыздандыру, елдердің нашақорлық пен есірткі контрабандасымен күресу саласындағы әріптестіктері сынды жобаларды талқылап, оның  тиімдісін  жүзеге асыру арқылы көп нәтижелерге жетуге болады екен. Және де  адамдардың есірткіге құмар болуы, олардан туындайтын зардаптар қоғамдық қылмыстардың өрістеуіне де себеп.
наша
– Сондықтан да  елімізде,  соның ішінде  біздің облысымызда да  маусымның соңғы аптасында  есірткіге қарсы күнге орай ағарту, алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылады. Мәселен,  осы күні  облыс орталығындағы  мәдениет және демалыс паркінде  Қостанай  қалалық  орталықтандырылған кітапхана жүйесінің  құрылымдық бөлімшесі №4 "Дорожный" кітапхана филиалы мамандарының ұйымдастыруымен  "Кішкентайынан "жоқ" деп айтуды үйрен" атты  акция өткіздік. Бұл акцияның басты мақсаты – жастар мен жасөспірімдер, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ішімдік ішу, темекі шегу, есірткі заттарды қолдану  секілді зиянды әдеттерден сақтандыру, спортпен шұғылдану, дені сау, жаны таза, ақылды, іскер азаматтар қалыптастыру.  Іс-шараның "Әлем – есірткісіз өмірді таңдайды!" атты ұраны да бар. Біздің кітапхананың  кітапханашылары акция барысында есірткі туралы  мәлімет бере отырып, оның зардабы туралы бейнеролик және сахналық көрініс көрсетті. Сонымен қатар "Нұр Отан" партиясының  Қостанай облыстық филиалының  мүшесі  С.Манасбаев  сөз сөйледі. Ол жиналған қауымға  "Денсаулық – зор байлық",  "Біз өмірді таңдаймыз" атты бейнеролик ұсынды.
Сол секілді флеш-моб арқылы осы зиянды әдетке байланысты кітапханашылар жиналған қауымға нашақорлардың кейпінен "Қарсымын" атты  көрініс көрсетті. Көрініс барысында Қостанай облыстық наркологиялық диспансерінің психологі есірткінің жантүршігерлік зияны, зардабы туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Зиянды, жаман әдеттен құтылғысы келетіндерге "Шылымды тәтті кәмпитке айырбаста" атты үгіт-насихат бұрышы жұмыс істеді. Жастар арасында есірткіге  қаншалықты бейімділігі туралы анкеттік (анонимдік) тест  толтырылды. "Мен – қарсымын…!", "Мен таңдаймын…!"  атты ақпараттық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Есірткінің зияны туралы ақпараттық-білімділік  мәліметтер  жазылған әдістемелік буклеттер, кітапшалар таратылды.  Жастар іс-шара соңында арнайы шақырылған "КОSTAFLA VOR"  спорт биін тамашалады. Осының бәрі – біздің  жастардың  денсаулығын сақтау үшін, халқымыздың болашағы үшін жасалып жатқан шаралар. Айта кеткеніміз  де жөн, іс-шараға  "Баян Сұлу" АҚ демеушілік көрсетті, – деді бізге "Дорожный" кітапханасының  кітапханашысы  Шолпан    Әбілтаева.
 
Гүлназым  САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓