Жеңілдік ұсынылады
Қостанайлықтар 1, 16 және 17 желтоқсанда утилизацияға істен шыққан көліктерін кезексіз өткізе алады. Ол үшін қабылдау нүктесіне келмес бұрын "дөңгелекті металды" тіркеуден шығарып, шот нөмірінің көшірмесін ала баруды ұмытпаған жөн. Мұндай жеңілдетілген алгоритмді "Оператор РОП" ЖШС ұсынғалы отыр."Әдетте бізге автокөлікті әкелмес бұрын auto.recycle.kz сайтында тіркеуге тұру шарт еді. Ол жерде ескі көлігіңізді қабылдайтын нақты күні мен уақыты көрсетілетін. Енді аталған күндері қостанайлықтарға жеңілдік жасалғалы отыр. Ол үшін Карбышев көшесі, 18В мекенжайына келіңіздер", – дейді Қостанайдағы қабылдау бекетінің басшысы Талғат Әбдіқалықов.
Айтпақшы, жуыр уақыттан бері жеңіл көліктерді, егер толық комплектілі болса, 200 мың теңгеге, ал жартылай жабдықты болса, 150 мың теңгеге өткізуге болады. Автобустар ең көп дегенде 400 мың, жүк көліктері 600 мың теңгеге дейін қабылданады. "Москвич", "Мерседес" немесе "ГАЗ" маркалы көліктерімен қоштасқан шопырлар ақшасын қолдарына екі күннен соң алады. Жалпы, жыл басынан бері Қостанайда ұзын саны 1800 көнетоз көлік утильдеуге қабыланған.